Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Апрель 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    20.07.2025, 20:00
    Главная » 2013 » Апрель » 25 » 16.04.2013
    11:32
    16.04.2013

    Оқырман отбасы! сайыс

          «Кітап сегіз қырлы, терең сырлы тәбиеші, ұлы үйретуші» деп  жазушы Ө.Тұрманжанов айтқандай кітаптың құндылығы, достығы, сырластығы – алар орнының ерекшелігі сонда.

    16 сәуір күні сағат 1000-де Бумакөл ауылдық кітапханасында Бөрлі ОКЖ-нің ұйымдастыруымен «Әкем, шешем және мен – отбасымыз оқырман» атты сайыс оздырылды. Кешімізге Бөрлі ОКЖ директоры орынбасары А.Т.Мусаева, кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі В.С.Қужабергенова, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Б.Б.Исмагулова, «Оқырман отбасы» бағдарламасының жетекшісі С.Қ.Мендыбаева,  кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі С.Тасимовалар қатысты. 

     «Сұрасам менің тегім...»  1 кезеңде өздерінің сүйікті кітабын неліктен таңдағаны слайд бойынша көрсетіп, баяндаса, ал екінші кезеңде «Менің оқырман  отбасым» атты кітапша жасап әкеліп презентация жасады. «Ерте, ерте, ертеде...» кезеңінде ертегілерден көрініс көрсетті. «Кім тапқыр?» атты кезеңде ақын – жазушылардың суреттеріне қарап, есімі мен шығармаларын айтып, «Өлең – сөздің патшасы» кезеңінде ақын – жазушылардың өлеңдерін жатқа  мәнерлеп нақыша келтіріп оқыды. Әділқазылар бекіткен нәтиже барысында Бумакөлдік Қужахметовтар отбасы бірінші орын, Утвин ауылынан Истаевтар отбасы екінші орын, Облав ауылынан Куценко отбасы үшінші орындарға ие болды. Бумакөлдік Нығметовтар мен Утвиндік Биктасовтар «Өнерлі отбасы»  номинациясына ие болды. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

    SAM_3254  

    Просмотров: 765 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz