Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Июнь 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    20.07.2025, 18:46
    Главная » 2013 » Июнь » 04 » 22.05.2013
    15:13
    22.05.2013

    2013 жылдың 22 мамырында  Ақбұлақ ауылдық кітапханасы базасында Бөрлі Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхана ісін дамыту және ақпараттық-библиографиялық бөлімдерінің ұйымдастыруымен  «Құқықтық білім беру кітапханалар жұмысының бір бөлігі» тақырыбында кітапханашылардың аудандық семинар-тренингі оздырылды.  Семинар-тренингке Бөрлі ОКЖ-нің бөлім және кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылар,  Ақбұлақ ауылының әкімі мен ауылдық полициясының учаскелік инспекторы қатысты.

    Бөрлі ОКЖ директоры Д.К.Нурашова алғысөзімен бастап, семинар-тренингтың мақсаты мен ағымдағы жылдағы жетістіктерге тоқталса, Ақбұлақ ауылының әкімі Н.М.Хайранбаева семинарға келген қатысушыларды  құттықтап, жұмыста табысты еңбек, кітапхана жұмысын әрі қарай қарқынды дамуын тіледі.

    «Құқықтық білім беру – мемлекет дамуының негізі» атты кітап көрмесіне ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Б.Б.Исмагулова библиографиялық шолу жасап, құқықтық тұрғыдағы әдебиеттермен атаныстырды.

    №1 қалалық кітапхананың меңгерушісі А.Ж. Қарақұлова «Кітапхана – құқықтық білімнің ағарту көзі», Ақбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі М.Б Имашева «Құқықтық тәрбие берудегі кітапхананың рөлі» атты тақырыптардағы баяндамаларында кітапханадағы құқықтық тұрғыда өткізілген жұмыстар барысымен таныстырса,  Ақбұлақ ауылдық полициясының учаскелік инспекторы С.Н. Кужамуратов  «Ауыл жастарымен профилактикалық жұмыстар жүргізу жолдары» атты тақырыпта сөз қозғап, жасөспірімдермен атқарылған жұмыстарына тоқталды.

    ОКЖ  қызметкерлерімен №2 қалалық кітапханасының меңгерушісі М.А. Жусубалиева «Өз құқығыңды білгенің, дұрыс өмір сүргенің» атты танымдық сайыс өткізсе, сергіту мақсатында кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі В.С. Кужабергенова кітапхана қызметкерлерімен тренинг өткізді.

    Бөрлі ОКЖ директорының орынбасары  А.Т. Мусаева семинар жұмысын қорытындылап, өз пікірін айтты. 

    Просмотров: 817 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz