Ақпараттық – технологиялық ғасырдың жоғары дамыған
қарқынына қарамастан кітаптың адам өмірінде алатын орны, мәртебесі жоғары болып
қала беретіні сөзсіз. Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне орай орталық
аудандық кітапхана ұжымы Бөрлі аудандық Қазпошта мекемесіне, Жер қатынастары
бөліміне және аудандық ауылшаруашылығы бөлімдеріне барып мекеме
қызметкерлеріне, жалпы оқырман қауымға қазақша-орысша көркем әдебиеттерін
апарып жарнамалап, кітапханаға тіркелмеген оқырмандар жаңа оқырман ретінде
тіркелді. Кітапхана қорына соңғы келіп түскен кітаптардың тізімі де берілді.
«Қарашығанақ» телестудиясы түсірілімге келді. Әліде осындай флешакциялар
жалғасын таппақ. 

|