Ашық
аспан астындағы кітапхана
Жазғы
демалыс басталысымен балалар ойынға ерік беріп, оқуға бет бұруды қояды. Ал бұл
сәтте кітапқа қызығушылығы төмен балалар саны арта түсетіні бар. Мұндай
жағдайдың алдын алу үшін орталық балалар кітапханасында 2013
жылдың 26 шілдесінде балаларға
арналып «Оқимыз, демаламыз!» атты кітапхана ауласында, таза ауада жазғы оқу
залы ұйымдастырылды. Бұл шара өткен айларда да өткізілген болатын. 
Шараның мақсаты балалар мен жасөспiрiмдердің танымдық қажеттiліктерiн
қанағаттандырып, бос уақыттарын қызықты және пайдалы өткізу, кітап оқу
қызығушылықтарын арттыру, кітапханаға жаңа оқырмандар тарту болып
табылады. Оқырмандар назарына
балаларға арналған түрлі жанрдағы қызықты кітаптар, ертегілер, танымдық
әдебиеттер, жаңа газет-журнал басылымдары ұсынылды. Сондай-ақ
«Ертегілер сыр шертеді» бөлімінде балаларға ертегілік шығармалар мен олардың басты кейіпкерлері туралы викториналық сұрақтар
қойылды. Ертегілер дауысталып оқылды, ойын
түріндегі конкурстар өткізілді. Балалар аулада
ұйымдастырылған «Кітаппен өмір шуақты» атты
кітап көрмесіндегі
кітап-журналдармен, жаңа
басылымдармен жақын танысып, шара барысында әрбіреуі өзін қызықтырған әдебиетті
алып оқуға кірісті. Жас оқырмандар шараға қызығушылық танытып белсене қатысты. Іс-шара
соңында шараға белсенді қатысқан балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді. 

|