Халықаралық жастар мерекесіне байланысты және Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Абай – заманының шырағы» сайысы
17 тамызда Орталық аудандық кітапханада Халықаралық жастар мерекесіне байланысты және Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Жастар ресурстық орталығы мен Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің біріккен «Абай – заманының шырағы» атты сайысы оздырылды.

Сайыс жастардың бойындағы рухты көтеру, елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, халықаралық жастар мерекесіне байланысты және қазақтың тарих қойнауындағы ғасырда бір туар ұлы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілді.
 
Сайыс «Тәуелсіз Қазақстан» әнімен басталды. Оқырмандар назарына «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұсынылып, Абай Құнанбайұлы шығармашылары насихатталды.
Сайыс үш кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар Абай Құнанбайұлының бір өлеңін жатқа айтса, екінші кезеңде ақын шығармашылығын негізге ала отырып өнер көрсетті. Үшінші кезеңде Қара сөздерден ұсынылған үзіндінің мағынасын ашып, өз ойларымен бөлісті. Әділқазылар Бөрлі ОКЖ директоры және ақын Д.К.Нұрашова, Аудандық демалыс орталығының директорының орынбасары А.Ә.Кәрімова, Жастар ресурстық орталығының әдіскері Ж.Ж.Мерғали сайыскерлердің өнерін бағалады.
 
Сайыста жүлделі І орынды Тыныштық Нұржауған (Киров ауылы), ІІ орынды Зайдушев Ермұхан (Кеңтубек ауылы), ІІІ орынды Елена Никтенко (Березов ауылы) иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтары табысталды. Бөрлі ОКЖ атынан көрермен көзайымы болған сайыскерлер Сәрсенбаева Аружан (№2 ЖББОМ), Магарова Айымгүл (Кеңтүбек ауылы), Берикова Айгерімге (Березов ауылы) естелік сыйлықтар берілді.

|