20 қаңтар күні Успен ауылдық кітапханасында ең жас оқырмандар, яғни 1 сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру мақсатында «Кітапты таңдай білуге үйрен!» айдарымен ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні кітапханаға оқушылармен бірге сынып жетекшісі және ата – аналар да келді. Ең әуелі жас оқырмандарға кітапхана ережесі таныстырылып, «Менің досым - кітап» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Ұстаздар мен ата – аналарға балалармен бірге кітап оқу, сүйікті кітабын бірге таңдау сияқты кеңестер беріліп, жас оқырмандар кітапханаға жазылып, үйге оқуға кітап таңдады.
 
|