«Наурыз- Ұлыстың ұлы күні »
16 шы наурыз күні аудандық кітапхана оқу залында Наурыз мейрамына орай Бөрлі Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жанындағы Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының ұйымдастыруымен «Наурыз- Ұлыстың ұлы күні » атты шара өтті.
Шара мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының (есту, сөйлеу қабілеті төмен, жүріп - тұру қозғалысы қиын адамдар және көзі нашар көретін) оқырмандарымен өткізілді.
Губайдулина А. Наурыз мерекесімен оқырмандармен келген қонақтарды құттықтап, қош келдіңіз айтып шара барысымен таныстырып өтті.
Шара 5 (бес) бөлімнен тұрды:
1. Қазақтың шашу шашу рәсімі.( кітапханашы Наурызбекова А)
2. Балаға ат қою рәсімі.( ОКЖ програмисті- Ғани Арпабаев)
3. Ұлттық тағамдардың бірі женттің жасалу әдісі туралы сектор меңгерушісі Малбағарова Г.У. таныстырды.
4. Қазақ ұлттық киім үлгісін көрсетіп, зергерлік бұйымдармен таныстыру.(оқырман Шайшева Ж.)
5. Бата беру рәсімін көрсету. (оқырман Мұқамбетқалиев Қ.)
Шара барысында келген оқырмандар көніл- күйлері көтеріліп бірін- бірі Наурызбен құттықтап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Келгендерге ұлттық тағамдардан (наурыз көже, айран, жент, құрт) дәм татқызылды. Шара сурдоаудармашы - Джумабекова Р.- көмегімен өткізілді.
|