2015 жылдың 11 маусымында Орынбор облысының Илек ауданында «Венок Дружба» атты достық фестивалі өткізілді. Бұл фестиваль екінші мәрте Илек ауданының ОКЖ-нің ұйымдастыруымен оздырылды. Достық фестиваліне Дмитрово, Озерная, Зворная т.б. аудандардан қатысушылар келді.
Ұйымдастырушылардың шақыруымен Қазақстан Республикасы атынан Орал қаласы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасынан және Шыңғырлау аудандық ОКЖ-нің қызметкерлері, Бөрлі ауданының ОКЖ-нің директоры Д.К.Нұрашова мен Кеңтүбек ауылдық кітапханасының меңгерушісі Ж.О.Хамзина іс-сапармен барды.

Аталмыш шарада Илек ауданында тұратын халықтардың мәдениетін, ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын көрсетті. Достық фестивалі өте жоғары деңгейде өтті.
|