Бөлімнің міндеті
- Бөрлі ОКЖ-гі кітапханаларға әдістемелік, кеңестік, тәжірибелік көмек көрсету
- Аудандағы кітапхана ісінің дамуына үздіксіз жүйелі талдау жасау, қорыту, зерттеу
- кітапхана қызметінің кәсіби шеберлігін арттыру, көтеру.
- Аудандағы кітапхана қорының қалыптасуы мен қолданылуына ғылыми негіздерін басшылық жасау
- Әлеуметтік шығармашылық сұраныс негізінде барлық ведомстволарға қарасты және жүйедегі кітапханаға әдістемелік көмек көрсету.
- Социалдық зерттеулерді ұйымдастыру және басшылық жасау
- Ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу
- әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыру мен кітапханалық байқаулар,сайыстар ұйымдастыру;
- Семинар-кеңестер, тренингтер ұйымдастыру.
Бөлім меңгерушісі Тасымғалиева Светлана Хамзиевна
- Аудандағы кітапхана ісінің дамуына үздіксіз жүйелі талдау жасау, қорыту, зерттеу
- кітапхана қызметінің кәсіби шеберлігін арттыру, көтеру.
- Аудандағы кітапхана қорының қалыптасуы мен қолданылуына ғылыми негіздерін басшылық жасау
- Әлеуметтік шығармашылық сұраныс негізінде барлық ведомстволарға қарасты және жүйедегі кітапханаға әдістемелік көмек көрсету.
- Социалдық зерттеулерді ұйымдастыру және басшылық жасау
- Ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу
- әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыру мен кітапханалық байқаулар,сайыстар ұйымдастыру;
- Семинар-кеңестер, тренингтер ұйымдастыру.
Бөлім меңгерушісі Тасымғалиева Светлана Хамзиевна
Кәсіби мамандарға
Аудандық семинарлар, зерделі кеңестер, байқаулар, іс-шаралар
2011жыл
1. «Шеберлікке үйрену»(«Учиться мастерству») шеберлік - сыныбы (мастер - класс) (Аудадық кітапхана, 27 мамыр 2011ж )
2. «Жас ұрпақты патриоттық рухында тәрбиелеу – кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі» (Бумакөл ауылдық кітапханасы, 15 қыркүйек 2011 жыл)
3. «Тәуелсіздік жылдарындағы кітапхана ісінің көкжиегі» (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен аудандық кітапхананың 60 жылдығына арналған, Аудандық кітапхана, 3 қараша 2011 ж.)
2012 жыл
1. Қорытынды семинар-кенес /Аудандық қызмет көрсету бөлімі, 20 қаңтар 2012ж./
2. "Бастаушы кітапханашы" кәсіби біліктілікті көтерудің І деңгейі /Аудандық қызмет көрсету бөлімі, 14 наурыз 2012ж./
3. Бөрлі ОКЖ-нің жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстану секторының ашылу рәсімі / Аудандық қызмет көрсету бөлімі, 20 сәуір 2012 ж./
4. «Кітапхана - өлкетану жұмысын дамыту орталығы» аудандық семинар /Успен ауылдық кітапханасы, 22 маусым 2012 ж./
5. Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Пугачев модельді (үлгілі) ауылдық кітапханасының ашылу салтанаты /Пугачев ауылдық кітапханасы, 4 шілде 2012 ж./
6. «Тәжірибелі кітапханашы» кәсіби біліктілікті көтерудің ІІ деңгейі /Аудандық қызмет көрсету бөлімі, 3 тамыз 2012ж./
7. «Кітапханалар жанындағы қызығушылық клубтар жұмыстары» аудандық семинар /Кеңтүбек ауылдық кітапханасы, 12 қазан 2012ж./
Қорытынды семинар-кеңес
2012 жылдың қаңтар айының 20 жұлдызында Пугачев ауылдық кітапханасында Бөрлі ОКЖ-нің барлық кітапханаларының кітапханшыларының, әдіскерлерінің қатысуымен 2011 жылдың қорытынды семинар-кеңесі өтті. Сағат 10:00-де семинар басталып, Пугачев ауылдық кітапханасының меңгерушісі Н.В.Львова семинарды алғысөзімен ашты. Соңғы жылдардағы жаңалықтары және қол жеткізген жетістіктері, ағымдағы жылда кітапханаға 50 жыл толатындығы жөнінде айтып кетті. Бөрлі ОКЖ директоры Гибрат Марксқызы сөз беріліп, барлық кітапханашыларды жаңа жыл мерекесімен өткен жылды сәтті аяқтағандығы айта отырып, семинарға келіп отырған Пугачев ауылының әкімі Қазжанов Талғат Кенжеғалиұлына сөз берді. Талғат Кенжеғалиұлы кітап тілді жетілдіреді, рухани қазына екендігін айта келіп, тәжірибе алмасуға шақырды. Пугачев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сәндігүл Манарбекқызы слайд арқылы кітапхана жұмысымен, өткізілген іс-шаралар барысымен таныстырды.Сондай-ақ, Аралтал ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Нұрғышбаева өткен жылда өткізген іс-шаралар барысын слайд арқылы көрсетіп, атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімдеді.
Әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі В.С.Қожабергенова құттықтау лебізімен бастап, өткен жылдың жұмыс көрсеткіші мен іс-шаралар тұрғысында тоқталып, 2012 жылға жоспарланып отырған семинарлар мен бағдарламаларды таныстарды. Кітапханада жоспарланып отырған жобалардың бірі «Шабыт» журналын шығару мәселесі. Бұл мәселе бойынша Бөрлі ОКЖ-нің жасөспірімдермен жұмыс әдіскері Исмагулова Бұлбұл Беркінгалиқызы белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің Шабыт!Ол адамның дарынына, еңбегіне қанат беретін ұлы күш! деп бастап жоба барысын слайд арқылы таныстырды.
Бөрлі ауылдық кітапханасының меңгерушісі И.Г.Буянкина «Ұлылардың ұлысы», Қызылтал ауылдық кітапханасының меңгерушісі М.Н.Алтаева «Қамқоршы», Жарсуат ауылдық кітапханасының меңгерушісі С.К.Айтмаганова «Возрождение семейного чтения», Александров ауылдық кітапханасының меңгерушісі Г.Кумарова «Патриоттық тәрбие беру арқылы кітапхана жұмысын ізгілендіру», Ақбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі М.Б.Имашева «Атамекен» атты кітапханалық жобаларының бағыт-бағдарымен таныстырды. Мәселелер қызметкерлер арасында талқыланды.
Сондай-ақ, белгіленген мәселелер қаралып болғаннан кейін әр түрлі сұрақтар төңірегінде көкейкесті сұрақтар талқыланды. Содан кейін Пугачев мәдениет үйінің ұйымдастырған керемет салтанатты кешке ұласты. Бөрлі ОКЖ директоры Гибрат Марксқызы барлық семинарға қатысушы кітапханашылар атынан осы семинарды ұйымдастырып отырған Пугачев ауылдық кітапханасының ұжымына ризашылығын білдіріп, жақсы дәрежеде өткендігін айтты.
"Бастаушы кітапхана"
кәсіби біліктілікті көтерудің І деңгейі


14 наурызда 2012 жылға Бөрлі ОКЖ-нің кітапханашыларының кәсіби деңгейін көтеру мақсатында атқарылатын жұмысының бағдарламасының «Бастаушы кітапханашы» атты бірінші деңгей өткізілді. Шараға 50 адам., ОКЖ директоры орынбасары, әдіскерлер, ауылдық және қалалық кітапхана кітапханашылары мен меңгерушілері, кадр бөлімінің меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі т.б. қатысты.
№2 қалалық кітапхана кітапханашысы А.Е.Есенжанова «Кітапханадағы библиографиялық жұмыс», Аудандық кітапхана кітапханашысы Н.Қ.Курмангалиева «Кітап қорының орналасуы, есебі және қойылуы», ОБК кітапханашысы Қ.Р.Магзумова «Кітапхана құжаттарымен жұмыс», мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының кітапханашысы А.Я.Тасымова «Іс-шаралар түрлері және бағыттары», ОБК филиалы кітапханашысы С.М.Тасымова «Кітапханадағы католог, картекалармен жұмыс», ОБК кітапханашысы Ж.Ж.Днекешова «Мерзімді басылымдармен жұмыс, кітапхандағы мерзімді басылымның барлығын орнату», Димитрово филиал кітапханашысы Г.А.Мергалиева «Кітап қорын көрнекі ашып көрсету тәсілі» тақырыбында дайындаған баяндамаларын негізінде жұмыстарын таныстырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Бөрлі ОКЖ бойынша балалармен жұмыс әдіскері С.К.Меңдыбаева тест сұрақтарына жауап арқылы викторина өткізіп, кітапханашы мамандар қызығушылықпен белсене қатысты.
ОКЖ директоры орынбасары Ж.Р.Кабиева, ақпараттық-библиографиялық бөлім меңгерушісі В.С.Қожабергенова, Кітап қорын сақтау және жабдықтау бөлімі меңгерушісі Р.С.Алиева баяндамашылардың баяндамаларын талқылап өзіндік пікірлерін айтты.
Бөрлі ОКЖ-нің жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстану секторының ашылу рәсімі


Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, олардың сұраныстарын жедел орындау, сондай-ақ кітапхананы заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы оқырмандармен мәдениетті қарым-қатынас орнатып, кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру мақсатын қойып отыр.
Салтанатты ашылу рәсімінде сектордың лентасын қию құрметі аудан әкімінің орынбасары Т.М.Сидық пен облыстық зағиптар қоғамының төрағасы М.Ж.Қадырбековке берілді. Табалдырық аттап ішке енген қонақтар "Біз бір әлемде өмір сүреміз" тақырыбына жасақталған көрмеге қойылған мүмкіндігі шектеулі оқырмандар жасаған қолөнер бұйымдары мен осы санаттағы жандармен жұмыстанатын кітапханашылардың әдістемелік-библиографиялық құралдарын, зағиптарға арналған компьютерлер мен магнитафондарды тамашалады.
Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарының кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Кажмулдина Мейрамгүл Сансызбайқызы «Тифлотехника әлемінде» сектор жұмысымен таныстырды. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Р.С. Алиева «Біз - бір әлемде өмір сүреміз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Құттықтау сөз Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Сидық Талғат Мұстажапұлына, облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарының кітапханасының директоры Макасова Жаңылай Қатымғалиқызы, қазақ соқырлар қоғамының облыстық басқармасының төрағасы Кадырбеков Мұрат Жаксыгалиұлына, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының әдіскері Сагинова Нұрлыгүл Аяпқызына, Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Басимова Ольга Махметқызына, «Жас Дарын» қоғамдық қордың жетекшісі Ищенко Татьяна Германовнаға, демеушілерге мен оқырмандарға беріліп, кітапханада атқарылып отырған игі іске сәтті қадам тіледі.
Бөрлі ОКЖ директоры Урынгалиева Гибарат Марксқызы келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, сектордың жұмысымен таныстырды.
«Кітапхана - өлкетану жұмысын дамыту орталығы»
аудандық семинар

Бөрлі ауданының ОКЖ-нің ұйымдастыруымен Успен ауылдық кітапханасында 2012 жылдың 22 маусымында Бөрлі ОКЖ-нің қызметкерлері мен аудандық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерінің, Успен ауылының әкімшілігі және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана - өлкетану жұмысын дамыту орталығы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарды Бөрлі ОКЖ директоры Г.М.Урынгалиева мен Успен ауылының әкімі Е.А.Сахадимов алғысөзімен бастап, құттықтау лебіздерін айтты. Аудандық қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі С.М.Ихсанова мен ОБК-ның кітапханашысы А.Ж.Шарипова «Туған жерім – қасиетті мекенім» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, өлке тарихы тұрғысындағы әдебиеттермен таныстырды. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкері Г.Б.Жаубаева «Мұражай – өлке тарихын зерттеу және сақтау» атты тақырыпта өлкемізден табылған экспанаттармен таныстырды. Өлке әдебиеттерін оқырмандарға насихаттаудағы бірнеше әдіс-тәсілдері мен жұмыс жоспарлары тағысқан баяндамаларымен таныстырды. Бұл орайда ОБК-нің меңгерушісі С.Х.Тасымғалиева «Өлкетану әдебиетін насихаттаудың түрлері мен әдістері, бағыттары» мен Бөрлі ауылдық кітапханысы меңгерушісі И.Г.Буянкина «Өлкетану әдебиеттерін насихаттау арқылы жастарды елжандылыққа тәрбиелеу», ОБК-сы филиалының меңгерушісі Г.В.Губская «Кітапханада өлкетану әдебиетін насихаттау, жарнамалау» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Ақпараттық-библиографиялық бөлімі меңгерушісі Ж.К.Мубаракова Өлкетану картотекасын жасақталуы және оның түрлері жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ, «Ауылым – алтын бесігім» /Г. Қ. Есентаева - Киров ауылдық кітапханасы меңгерушісі/ атты тақырыпта ауыл тарихы жөнінде баяндаса, «Ауылым – тұңған шежіре» /Қ.Т. Гизатуллина - Успен ауылдық кітапханасы меңгерушісі/ атты көрнекі іс-шарасын көрсетті. Бөрлі ОКЖ бойынша жасөспірімдермен жұмыс әдіскері Б.Б.Исмагулова КАЗҰЭК-мен қалай жұмыстану және мәлімет алу керектігін айтты. Семинардың екінші бөлімі «Өлке тарихы – ел тарихы» атты тақырыптағы дөңгелек үстелге ұласты. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Б.Бокаев Успен ауылының қасиетті жерлерін мәлімдесе, ЖББ Успен орта мектебі директоры Г.С.Зайнуллин мектеп оқушыларына ауыл тарихын насихаттау жұмысы жөніңдегі ойларын ортаға салса, осы тұрғыда кітапхананың рөлі және жұмыстану бағытында кітапханашылар көзқарастарымен бөлісті.
Пугачев модельді ауылдық кітапханасының ашылу салтанаты


...Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі
ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет.
Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек
игеруге шақырамын...
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы.
2012 жылы 4 шілдеде Бөрлі ОКЖ-нің Пугачев модельді (үлгілі) ауылдық кітапханасының ашылу салтанаты болып өтті. Аудандық демалу орталығының директоры Д.К.Нурашева, Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК директоры Р.Ж. Исатаева, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Б.Өтешева, Теректі, Зеленый аудандары ОКЖ-нің директорлары, Пугачев ауылы әкімшілігі, Бөрлі ОКЖ-нің қызметкерлері және оқырмандар, серіктестер қатысты.
Кітапхананың ашылу рәсімінде алғашқы құттықтау сөз және лента кесу құрметі Пугачев ауылының әкімі Казжанов Талғат Кенжегалиұлына, кітапхананың дамуына өзіндік үлесін қосқан ауыл азаматы Б.Н.Бекбергеновке берілді. Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ның директоры Исатаева Роза Жақияқызы сөз сөйлеп Облыстық мәдениет басқармасының жолдаған төлқұжатын табыстады.
Кітапханада аудандық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі С.М. Ихсанова «Туған жерім-қасиетті мекенім» атты кітап көрмесіне библиографилық шолу жасап, өлке тарихын баяндайтын әдебиеттермен таныстырды.
Модельді кітапхананың мүмкіндіктерімен, атап айтқанда ҚР Ұлттық Электрондық Кітапханасымен /КАЗНЭБ/, Электрондық Үкімет порталымен қалай жұмыс жасау керектігін Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ң жаңа технология мен ресурстар бөлімінің инженер-технологы Т.Л. Запащикова мен әдіскер Сатыбалдиева Лаура Болатқызы түсіндірді.
Пугачев модельді кітапханасының меңгерушісі Н.В.Львова кітапхана тарихы мен сайт жұмысын, оның мүмкіндіктерін таныстырды. Ақжайық, Шыңғырлау, Теректі, Зеленов ОКЖ-імен «Модельді кітапханалар» On-line конференция болып байланысқа шықты.
Салтанатты шара «Модельді кітапханалар – тұрғындарға ақпараттық қызмет көрсетудің жаңа инновациялық құрылымы» атты дөңгелек үстелде жалғасын тапты. Дөңгелек үстелге қатысушылар модельді кітапхананың ақпараттық қызмет көрсетудің жаңа бағыты мен сапасы хақында ойларын ортаға салып пікір алмасты. Сондай-ақ, оқырмандар тілек-лебіздерін айтып, осындай мүмкіншілік туындағанына ризашылықтарын білдірді. Ауыл әкімі Талғат Кенжеғалиұлы осындай жағдайдың ілгері дамуына қолдау көрсететіндігін айтты.
Бөрлі ОКЖ директоры Урынгалиева Гибарат Марксқызы қорытынды сөз сөйлеп, модельді кітапхананы ашу көптен күткен атаулы күн. Қолдау көрсеткен әріптестерге алғысын айтты. Кітапхананың дамуына өзіндік үлесін қосқан аул азаматы Б.Н.Бекбергенов пен Аралтал кітапханасын сыйға берген А.П.Журавлевке алғыс хат табыстады.
Ілім-білім бұлағы кітап атаулының шоғырланған мекемесі–кітапхана адамзат баласының рухани тыныс-тіршілігінің айнасы іспетті.
"Тәжірибелі кітапханашы"
кәсіби біліктілікті көтерудің ІІ деңгейі


3 тамызда 2012 жылға Бөрлі ОКЖ-нің кітапханашыларының кәсіби деңгейін көтеру мақсатында атқарылатын жұмысының бағдарламасының «Тәжірибелі кітапханашы» атты 2 деңгейі оздырылды. Аталмыш шараға 50 адам қатысты.
Жиынның ашылу салтанатында Бөрлі ОКЖ директоры Д.К.Нұрашева сөз алғаннан кейін, кітапхана қызметкерлері өздерінің тәжірибелерін жүзеге асырудағы, оқырмандар жұмыс жасаудағы және түрлі шараларды өткізудегі бірнеше әдіс-тәсілдері мен жұмыс жоспарлары тоғысқан баяндамаларымен таныстырды. Бұл орайда ОБКф-ның меңгерушісі Г.Губская «Внедрение и развития информационных технологий» атты жұмысымен таныстырса, С.Х.Тасымғалиева «Кітапханадағы жаңа ақпараттық технологиялар» тақырыбындағы баяндасмасын оқыды. Сондай-ақ «Кітап қорының статистикалық көрсеткіштерінің формуласын анықтау» (Қ.Т.Гизатуллина Успен АК-ң меңгерушісі), «Ақпараттық-библиографиялық қызмет» (Ж.А.Маргиева-Кеңтүбек АК-ң меңгерушісі), «Әдістемелік менеджмент» (М.Қ.Маймирова-Бумакөл АК-ң меңгерушісі), «Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету түрлері» (Д.Д. Мурсалимова-Березов АК-ң меңгерушісі), «Ақпараттық қызмет дегеніміз не?. Анықтама түрі және оны орындау әдісі» (У.Ж.Нұргалиева-Приурал АК-ң меңгерушісі) сынды кітапхана жұмыстарының жаңа заман талаптарына сай атқарылар жоспарлары туралы тәжірибелерімен алмасты.
Жиын соңында ОКЖ директорының орынбасары Ж.Кабиева қорытынды сөз сөйлесе, кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі Р.Алиева мен кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі Б.Исмагулова, кітапханашы Г.О.Малбагарова алмасқан тәжірибелерден қорытынды түйіп, өз ойларын білдірді. Қаралған мәселелер кітапханашылар арасында талқыланып, көзқарастарын ортаға салды.
«Аудан кітапханалары: атқарылған жұмыстың қорытындылары және дамытудың нақты бағыттары»
семинар-кеңес


08 ақпан 2013 ж. кітапхана ісін дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық кітапхананың оқу залында 2012 жылдың жұмысын қортындылау мақсатында «Аудан кітапханалары: атқарылған жұмыстың қорытындылары және дамытудың нақты бағыттары» тақырыбымен аудандық семинар-кеңесі оздырылды. ОКЖ директоры Д.К.Нұрашова алғысөзімен бастап, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі Б.Б.Исмагулова «Бөрлі ОКЖ-нің 2012 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы» баяндамасында өткен жылда қол жеткізген жетістіктері жөнінде мәлімдеді. Ақпараттық-библиографиялық бөлім меңгерушісі В.С.Қожабергенова ақпараттық–библиографиялық жұмыстар мен жоспарын таныстырса, «Аудан кітапханаларының кітап қорын толықтыру: мәселелері, болашағы» тақырыбында кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі С.М.Тасымова Бөрлі ОКЖ-нің кітап қорының жағдайы мен алдағы күндер еншісінде жоспарларымен таныстырды.
Әдістеме жұмысы бойынша директор орынбасары А.Т.Мусаева «2013 жылғы атқарылар жұмыстардың негізгі бағыттары» атты тақырыбындағы баяндамасында кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жоспарланып отырған семинар-триненгтермен, байқаулар мен ауқымды шаралар тұрғысында айтты. Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсететін сектордың меңгерушісі В.С.Иманова «Кітапхана жағдайында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік оңалту» атты баяндамасында мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсетудің бағыттары мен жұмыстары барысында таныстырды. Сондай-ақ, семинар-кеңес соңында әр түрлі мәселелер тұрғысында талқыланды.