Приветствую Вас, Гость · RSS
Бөрлі аудандық демалу орталығы
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    16.06.2025, 22:29

     

    Бөрлі аудандық демалу орталығы

              Еліміздің тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі - мәдениет саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Жасөспірімдер мен ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану және өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, аудан мәдениетін көркейту мақсатында халқымыздың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа өнеге етіп қалдыру жолында Бөрлі АДО-ы көптеген жұмыстар атқарды.

            Құрамында 1-аудандық  мәдениет үйі және 13 селолық мәдениет үйі мен 10 мәдениет клубтары және «Достық» үйі бар. Аудандық мәдениет үйі 1981 жылы салынған. Көрермен залындағы орындықтар саны 485 құрайды. Жылыту жүйесі орталықтандырылған, жалпы көлемі 1762,9 шаршы метр.

              Аудан жұртшылығын мәдени қызметпен қамтамасыз етуде аудандық мәдениет үйі мен селолық мәдениет үйлері мен клубтар ақылы қызмет жасап өзін-өзі қаржыландыру жұмысының жаңа түрлерін (ақылы концерттер, байқаулар, фестивалдар) көптеген мәдени іс- шаралар өткізуде. «Ауыл тынысы» атты концерттік бағдарлама, балалар үшін «Жаңа жылдағы ғажайып ертегілер» ертеңгіліктер мен жаңа жылдық балалар костюмдері, ұлттық сахналық киімдер жалға берілді.

             Бөрлі ауданы бойынша селолық мәдениет үйлері мен аудандық демалу орталығында жалпы алғанда 163 үйірме жұмыстанып, 1998 бала қатысуда. (АДО - 21 үйірме, 655 қатысушы және селолық округтерде -142 үйірме, 1145 қатысушы).

              Соның ішінде аудандық Мәдениет үйінің жанынан Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлерінің халықтық хоры, «Серенада» халықтық ансамблі, «Ақжаулықты әжелер» ансамблі, 4 үлгілі би ұжымы, «Мұрагер» драма үйірмесі, «Наз қоңыр» фольклорлық ансамблі қарқынды жұмыс істеуде.

    Жарты жыл бойғы жетістіктерімізді айтып өтетін болсақ:

           3-7 қаңтар күндері Алматы қаласында "Зимная сказка в Алматы" атты республикалық фестиваль-байқауы ұйымдастырылды. Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен дарынды балалар жиналып өз өнерлерін көрсетті. Аталмыш байқауға Əсел Молдағалиева жетекшілік ететін "Мұрагер" театрының тәрбиеленушілері Ғайнолла Биболат, Ерғалиева Əсемгүл жене Бимағамбетов Нұрболат қатысып, бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімі бойынша Ерғалиева Əсемгүл мен Бимағамбетов Нұрболат екеуі бірдей II орынға ие болса, Ғайнолла Биболат пен "Мұрагер" театры I орынды жеңіп алып, жеңістің шыңынан көрінді.

          Ақсай қаласынан барған «Мұрагер» театры мен оның тәрбиеленушілері Атырауда 24-26 наурыз күндері мәреге жеткен ІІІ халықаралық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-байқауында жүлделі орындарды иеленді. «Мұрагер» театрының режиссері әрі жетекшісі Әсел Молдағалиеваның айтуынша, Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық академияда және Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында өткен додаға Қазақстан облыстарынан тоғыз театр қатысып, бақ сынады. «Жадыра, жас дарын!» қоғамдық қоры (төрайымы Сара Жаманбайқызы) ұйымдастырған байқауда үлкен топтағылар арасында Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық академия бірінші орынды иеленсе, «Мұрагер» театры екінші жүлдені еншіледі. «Мұрагер» театры Болат Ұзақовтың «Үміт» психологиялық драмасын сахналады. Сонымен қатар көркем сөз жанрынан жоғары топтағылар арасынан «Мұрагер» театрының тәрбиеленушілері Биболат Ғайнолла бірінші, Әсемгүл Ерғалиева мен Нұрболат Бимағамбетов үшінші орынға ие болды. Ал кіші топтағылардан Әлихан Тасболатов дипломант атанды. Айта кетейік, дәстүрлі өнер байқауына Ресейдің Астрахан қаласынан келген мамандар да қатысты.

             «Жеті Өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында 8-10 мамыр күндері  «Жеті Өнер» I Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсы өтті. Өнер сайысына Орал, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Ұрджар, Екібастұз, Жезқазған, Алматы, Қызылорда, Көкшетау және т.б. қалалардан келген барлығы 1000-нан астам жас талант қатысқан. Байқау бірнеше жанрдан құралды. «Мұрагер» театрының тәрбиеленушілері “Көркем сөз” жанры бойынша бәрін озып шықты. Бұл байқауда Бөрлі аудандық демалу орталығының режиссеры Әсел Молдағалиева жетекшілік ететін «Мұрагер» театрының тәрбиеленушілері көркемсөз жанры бойынша Ерғалиева Әсемгүл – Бас жүлде, Ғайнолла Биболат – Бас жүлде, Театр жанры бойынша – «Мұрагер» театры – Бас жүлде және жетекшісі Әсел Нағымқызы «Үздік тәлімгер» дипломымен марапатталды.

              Рабаев Батырхан мен Мамбеталиева Гүлнұр кешегі Алматы қаласында өткен халықаралық «Алматы танысу» конкурсына бес оқушысын апарып, оның екеуі: Тайпақова Жаңыл, Грубаш Әсемгүл-ІІІ орынды иеленсе, Республикалық «Рауан» фестиваль-конкурсінде Айтбай Исабек,Тайпақова Жаңыл,Грубаш Әсемгүл -ІІ орын, Қаржаубаева Арайлым-І орын, Ғаділгерей Жангерей-бас жүлдеге ие болды.

            «Балдырған» үлгілі би ансамблі  Атырау қаласында өткен «Жадыра Жас дарын» атты облыстық байқауда III дәрежелі  дипломен Адилова Аида I дәрежелі диплом Халықаралық «Жадыра Жас дарын» фестивалінде Балдырған үлгілі би ансамблінің жетекшісі Мұрат Мөлдір I орын иеленді.

            7 маусым күні Шыңғырлау ауданы Алмазный селолық округінде әнші, термеші «Гүлдер» ән-би ансамблінің саңлақ әншісі Қалампыр Рақымқызына арналған «Шырқа,дауысым,шырқа» атты облыстық термешілер байқауы өтті. Бөрлі ауданынан барған АДО директорының орынбасары Айнагүл Каримова дипломант атанса, аталмыш өнерді насихаттап байқаудың өтуіне  зор үлесін қосқаны үшін Бөрлі аудандық демалу орталығының көркемдік жетекшісі, жерлес сіңілісі Жаңыл Кәрімқызы аудан әкімінің алғыс хатымен мараппаталды.

            Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Орал қалалық қазақ драма театрында  8 маусым күні, "Айбынды жігіттер" аймақтық байқауы өтті. Қол бастаған көсем,сөз бастаған шешен Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған аталмыш байқауда Бөрлі ауданының намысын қорғаған Талғат Жупиев өзінің жан-жақтылығын дəлелдеп сайыста жүлделі III -орынды қанжығасына байлап, байқаудың дипломымен жəне қомақты қаржысымен марапатталды.

           9 маусым күні, Орал  қаласындағы  қазақ драма театрында өткен телевизиялық  «Мен қазақпын»  Мега  жобасына  Бөрлі ауданынан барған АДО дәстүрлі әншісі Жылқыбаев Қамбар бақ сыңап  өз өнерін көрсетіп қайтты.

             «Назерке» үлгілі би ансамблі Орал қаласында өткен «Балдаурен» байқауының жеңімпазы. «Танец без граница» байқауында гранпри иегері.  Грузия қаласында өткен «Твиса фестивальни» байқауында I орын иегері.

             Алматы қаласында өткен «Сырым бар жүрегімде» атты би байқауында 9-10 жас аралығында заманауи биден гран-при иегері.10-12 жас аралығында IIорын иегері.

         Астана қаласындағы 11–республикалық Құрманғазы атындағы  домбырашылар конкурсында Бөрлі ауданының намысын қорғаған Қалиев Азамат  Мәдениет министрінің алғыс хатымен марапатталды.

     

    Конструктор сайтовuCoz