Бөрлі өлкетану мұражайы
"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Бөрлі өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы қаңтар айының 13-і күнгі №5 шешіміне сәйкес құрылды.
Өлкетану музейінің негізгі құрылу мақсаты мәдени мұраларымызды, музейлік мәні бар заттарды сақтап, туған өлкемізге деген патриоттық және сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу. Музей өлкетану, жинақтау, сақтау, көрме-экспозициялық қызметтерімен айналысып, тарихи және мәдени ескерткіштерімізді сақтау ісін қолдайды. Музей қоры ауданымыздың жергілікті тұрғындарынан музейлік мәні бар заттарды сатып алу жолымен, сонымен қатар өзге азаматтардан, қоғамдардан сыйға қабылданған заттармен толықтырылады.
Бөрлі өлкетану музейінде бірнеше зал бар, олар Қазақ халқының этнографиясы, Азаматтық және Ұлы Отан соғысының тарихы залы, Теміржолшылар залы, Тың игерушілер залы, Халыққа білім беру, мәдениет және спорт залы, Қарашығанақ кен орнының тарихы, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы, ауданымыздың флора мен фауна залдары.
Президент залы
Теміржолшылар залы
Тың игерушілер залы
Көрме залы
Музей көптеген тамаша жәдігерлердің қазынасы болып табылады. Жылына 2600 келушіге қызмет көрсетіп, көпшілік шаралар өткізуде. Мәдениетіміздің материалдық және рухани ескерткіштерін жинап және сақтауда музей қызметкерлері ағарту және оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Мерекелер мен жұмыс күндері музейде ауданымыздың құрметті азаматтары, әр түрлі маман иелері және мектеп оқушыларымен әңгіме, дәріс, кездесулер және өзге іс-шаралар өткізіледі.
Музей қорында 5000-нан астам жәдігерлер жинақталып сақталуда.
Музей коллекциясын Бөрлі ауданынан табылған жәдігерлер құрайды. Сыйға берілген жәдігерлер де аз емес. Олардың ішінде айрықша құндылары қол өнер бұйымдары, ер-тоқым, батырлардың әскери сауыт-сайманы, әйел адамдардың камзолы, тұрмыстық заттар.