Қызылтал ауылы тарихы
Қызылтал ауылының қойнауы шежіремен тарихқа толы. Көзі көрген қариялардың айтуы бойынша, Қызылтал ауылы бұдан 200-250 жыл бұрын ерте заманда пайда болған. «Табын» руынан шыққан атақты «Тынбай» бабаларымыздың (әулие) жайлаған жері көрінеді. Соған қарағанда «Табын» руынан тарайтын жақын-жуықтың мекені болған. Оған дәлел ретінде қазіргі Қызылтал ауылынан 1 шақырым жерде үйлердің, мал қоралардың орны. 3-4 шақырым жерде «Атшапқан» деген тұтас бір төбенің орны куә. Осы жерде ат шаптырылып, той жасаған. Содан «Атшапқан» деп атап кеткен. Қызылтал ауылы Ақсай қаласынан 3 шақырым жерде орналасқан.
Бұл ауылдың Қызылтал аталуы жайдан-жай аталмаған болуы керек, яғни оның бір үңілер терең сыры болса керек. Тарих беттеріндегі аңыз-әңгімелерге сүйенер болсақ, оның мәні мынада екен: Ертеде, шағын қарапайым халқы бар ауыл болған. Осы Қызылтал ауылында бір құдық болыпты. Тұщы сулы құдықты ауыл халқы өз игіліктеріне құдықтын тұщы да шипалы болуының бір сыры болар деген оймен құдық маңынан өтіп бара жатқан бір қария таяғына сүйеніп, үңіле қарап тұрыпты. Кенет қария қолындағы аса таяғын құдыққа түсіріп алады. Уақыт өте келе сол құдықтан қызыл тал өсіп шығады. Аң –таң болған тұрғындары жергілікті қариялардан жұмбақ сырдың шешуін сұрап сөздеріне жүгінеді. Ал қариялардың айтуынша ауыл тұрғындары құдық манындағы қарияның таяғы екенін түсіндіреді. Яғни қарияның аса таяғы да қызыл талдан жасалған екен. Сол себептен де қызыл тал өсіп шыққан деседі. Жалпы ауыл маңында, далалықта қызыл тобылғылар көп өседі. «Қызыл тал» дегеніміз осы тобылғы болуы мүмкін ғой.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Қызылтал ауылы – аудан орталығы Ақсай қаласының оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. Жерінің аумағы Бестау бөлімшесімен қоса есептегенде 31917 га. Климаты тым континентті. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -15°С, – 25°С, кейде боранды, аязды болады -38°, -40°-қа дейін төмендейді, ал жазы + 20°C, +22°C болады. Өсімдіктері, жануарлары
Ауыл маңы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай. Өсімдіктер: қарағаш, үйеңкі, тобылғы, қарақат, мойыл ормандары, шөптесін өсімдіктерінен: бидайық – арпабас, жусан, қоңырбас, қызғалдақ, дәрілік өсімдік терден– кикота кездеседі.
Жануарлардан: қарсақ, түлкі, қоян, дала тышқаны т.б кездестіруге болады. 1930 жылы Қызылтал ауылында екі үй болған, содан жайлап үйлер салынған. 1930-1932 жылдары аштыққа байланысты Бөкей жерінен және басқа жерлерден келген Шеркеш, Беріш, Алаша, Қарақұнан рулары қоныстана бастаған. 1936 жылы Орал-Илецк темір жолы бойында “Қазақстан” станциясы салына бастаған. 1937 жылға дейін Теректі ауданына қарасты Бөрлі жері, Бөрлі ауданы болып қайта құрылған. «Бөрлі» ет совхозы ашылады, оның орталығы Аралтал ауылы болады да, Қызылтал ауылы оның №2 бөлімшесі болады.
1941 – 1945 жылдары халық басына ауыр күндер төніп, соғыс зардабы жас балалардың еңкейген кәріге дейін ауыр жұмыстар жасауға мұқтаж етті. Соғыстағы майдангерлерге өздері аш-жалаңаш болса да, соларға киім-кешек, тағаммен көмектесіп отырды. Бір ауылдан әкелі-балалы, ағалы-інілі соғысқа аттанып, солардың тең жартысы оралмады. Соғыс жылдарында еңбек еткен ардагер аталарымыз өте көп. Олар: Баймукашев Қадеш, Жиенбаев Аманғали, Хасанғалиев Қален, Алтаев Жүрекен, Қайранбаев Қаби, Темірғалиева Қайша, Нұрғалиева Злиха, Назанова Айсенер, Мұхитова Батима және т.б. Барлық жерде қол жұмысы еді. Егін еккен, тұқым жинаған, мал шаруашылығымен айналысқан. Өгіз жегіп, егінді өгіз косилкасымен шапқан. Сөйтіп, халықтың әл – ауқаты оңала бастады. Тың көтеру мезгілінде бидай совхозы «Пугачев» болып, соның қарауындағы №2 бөлімше ретінде қала берді.
1955 жылы Қытайдан қазақтар көшіп келіп, үйренісе алмай, 1956 жылдың күзінде қайта көшіп кеткен.
1957 жылы Қызылтал ауылы Пугачев совхозына қосылды. Енді совхоз бөлімшесі болып аталғанннан кейін, ауыл тұрғындары, соның ішінде қажырлы әйелдер білек сыбана кірісіп, кейбір жігіттерден асып түсті. Атап айтқанда: Алтынай, Мәуеш, Тұрсынай, Айман апайлар. Осы жылдары ауыл өмірін басқарған Шакенов Қайыр, бригадирі Утепов Тілекқабыл, мал мамандары Носовская Рая және Отар ағай, завхоз Бекежанов Темірғали, ал есепші қызметін атқарған Сейтов Жексен ағай. Осы адамдар ауыл шаруашылығындағы жұмыстарының бәріне шынығып алған.
1965 жылы Қызылтал ауылы Миргород совхозына қосылып, №2 фермасы болды.
1989 жылы Қарашығанақ мұнай газ кенішін игеру басталуына байланысты Қызылтал ауылы ҚазақГаз өндірісінің қарауына алынып, кейін сол өндірістің жеке шаруашылығы Тұңғыш шаруашылығының бөлімшесіне айналды. 1993 жылы Ақсай қалалық ток өндіру бөлімінің қарауына аударылды. 2003 жылғы 19 сәуірдегі облыстық маслихат пен Батыс Қазақстан әкімшілігінің бірлескен шешімімен, Бөрлі ауданы Қызылтал ауылдың округі құрылды. Ауылдық округтің орталығы – Қызылтал ауылы. Округ аумағы 31917 мың гектар жер, халық саны 2504 тен астам болды.
1990 жылы Қызылтал ауылында 2-3 көше болса, қазіргі таңда 27 көшеге дейін өсті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін, осы 25жыл ішінде Қызылтал ауылында да көптеген игі істер атқарылды. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында өлкемізде бірнеше ғимараттар бой көтерді.
2004 жылы 17 қаңтарда типтік үлгідегі 180 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. 2010 жылы мектепке қосымша ғимарат салынды.
2012 жылы «Өркен» 320 орындық балабақшасы, 2015 жылы ауыл тұрғындарына арналған емхана, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылған дәріхана, «Риза» мейрамханасы, мәдениет үйі, бірнеше дүкендерді және 2017 жылы ашылған «Бәйтерек» супермаркетін атап айтуға болады.
«Нұрлы жол» бағдарламасына үлес қосу мақсатында Қызылтал ауылының көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған жолдар дұрысталып, асфальт төселді.
2003 жылғы 19 сәуірдегі облыстық маслихат пен Батыс Қазақстан әкімшілігінің бірлескен шешімімен, Бөрлі ауданы Қызылтал ауылдың округі құрылды. Ауылдық округтің орталығы – Қызылтал ауылы.
Қызылтал селолық округінің әкімі болып 2003 жылы И.Қ.Кушекбаев, 2005жылы Н.Қ.Ақболатов, 2009 жылы мамыр айынан И.Е.Джазықбаев, 2009 жылы қараша айынан бастап 2011 жылға дейін қызмет атқарды.
Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің №47 шешімімен 2013 жылы 10 сәуірде Қызылтал ауылы Ақсай қаласына қосылды.