Приветствую Вас, Гость · RSS
Ақсу
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    19.06.2025, 19:14

    Ақсу ауылдық округі

       Қазіргі Ақсу ауылы бұрынғы «Ақсу» колхозының орнына «Ақсу» астық өсіру кеңшары ретінде 1954 жылы қаланған. Жайықтың сол саласы Шыңғырлау өзенінің  жағалауындағы  қамыс, құрақ аралас бетенеге, сұлыбас, т.б. әртүрлі астық тұқымдас  шөптесін  өскен шалғынды-қоңыр, қызыл-қоңыр топырақты құрғақ далалық белдемде орналасқан. Елді мекен солтүстік-шығысында «Миргород» совхозымен, оңтүстік-батысында «Хлебороб» колхозымен, батысында «Киров» атындағы колхозбен шекаралас орналасқан.  Совхоз болып құрылған жылы оның қарамағында 34224 га жер бекітіліп берілген. Ақсу ауылы облыс орталығынан 150 шақырым, аудан орталығынан  32 шақырым  қашықтықта орналасқан.

     1954-1955 жылдары тың игерушілер келуімен аулымызда жаңа кезең басталды. Бұрынғы ауыл тұрғындарын мал-жандарымен бірге көшіру қарқыны басталды. Жан-жақтан әр түрлі ұлт өкілдері ағылып келе бастады Олардың ішінде орыс, украин, башқұрт, молдаван т.б ұлт өкілдері болды. Тың игерушілердің келуімен жаңа құрылыстар пайда болып, егістік  жерлер  ұлғайды. Үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтерді. Сол жылдары Душменов, Қазымбаев, Есалиев сында азаматтар басқарма болып қызмет атқарған.

    1976 жылдың 1 қаңтарына  совхозда 1680 адам тұрды. Соның ішінде еңбекке жарамды тұрғындар саны 810 адам болды. Сол жылдары совхоз тұрғындары 3-бөлімшеге бөлінді. Соның 96 адам №1 бөлімшеде (Ворошиловка) тұрса,  270 адам №3 бөлімшеде (Жаңақоныс)  тұрды. Қалған 1314 адам Ақсу совхозы орталығында тұрды.

    1976 жылдың 1 қаңтарына жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша совхоз бойынша 3-дүкен, 2-клуб, 2-мектеп, 1-балабақша, 3-монша болған. 1976 жылдың 1 қаңтарына совхозда 4130 бас ірі қара, 10 000 бас қой, 180 бас жылқы малы есепке алынған.

    Ақсу ауылдық кітапханасының  алғаш  есік  ашқан  жылы -1958 жылы. Тұңғыш кітапханашылар В.У.Громова, А.Хасанова, З.С.Кульпейсова, М.М.Алиханова болды.

    Қазіргі таңда Ақсу ауылында орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, жас мамандарға арналған жатақхана бар.

    байланысы, №37 Өрт сөндіру бөлімшесі қызмет көрсетеді.

     

                Утепбергенов Гарифола Тулепович

    Ақсу ауылдық округінің әкімі  қызметін атқаруда.

     

     

     

     

     

    Жаңақоныс ауылы

    Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойына ерте бастан сіңірген. «Отан» сөзін туған жер, атамекен, ел-жұрт деген ұғымдармен барынша кеңінен байланыстырған. Қазақ баласы үшін Отан отбасынан басталады. Отан біреу-ақ ол туған жер топырағы, ата-баба сүйегі жатқан жер!

    Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсу ауылдық округіне қарасты Жаңақоныс ауылының тарихына терең үңіліп қарайтын болсақ тарихи шежірелер, көнекөз қариялардың айтуы бойынша Жаңақоныс ауылы «табын» руының құтты қонысы болған. Бұған дәлел осы рудың арғы аталары болып келетін Балта Мейірман, Байқұтты, Әжібай сияқты өз дәуірінде дәулетті, бай болған табын руының бай-шоңғарларының құлпытастары Жаңақоныс елді-мекені маңынан табылғандығы куә. Қазіргі кезде де осы рудың ұрпақтары өсіп-өнген ауылымыздың тұрғылықты тұрғындары. Ертеректе Ақсу колхозының №3 бөлімшесі болған ауылдың іргетасы 1955 жылы қаланған. 1954-55 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде жерімізге тың игерушілердің келуімен жаңа кезең басталды. Олардың ішінде украиндар, белорусстар, орыстар т.б. көп ұлт өкілдері болды.

    Жаңақоныс ауылының іргетасының қалануы жайында тарихи деректер жоқтың қасы. Дегенмен де көнекөз қариялар, тұрғылықты тұрғындардың айтуы бойынша сайын далада мыңғыртып мал өсіріп, төрт түлікті көбейтіп, күн кешкен жандар туралы бүгінде толымды деректер жоқтың қасы. 1955 жылдары тыңайған жерлерді игеруге келген басқа ұлт өкілдерінің келуімен мал бағумен жан баққан байырғы қазақтардың тұрмысына бумен және желмен жүретін диірмендер енді. Жергілікті, тұрғылықты тұрғындармен келушілер арасында достық қарым-қатынас орнап, бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Жылжып жылдар, ағындап айлар өтіп, тарих дөңгелегі өз кезегімен айналып жатты. Сайын далада мыңғыртып мал өсіріп, төрт түлікті көбейтіп, күн кешкен жандар туралы бүгінде толымды деректер жоқтың қасы. 1955 жылдары тыңайған жерлерді игеруге келген басқа ұлт өкілдерінің келуімен мал бағумен жан баққан байырғы қазақтардың тұрмысына бумен және желмен жүретін диірмендер енді. Жергілікті, тұрғылықты тұрғындармен келушілер арасында достық қарым-қатынас орнап, бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Жылжып жылдар, ағындап айлар өтіп, тарих дөңгелегі өз кезегімен айналып жатты.

    Азамат соғысынан кейінгі 1921-1922 жылдары халықтың көпшілігі ашаршылықтан, обадан көз жұмды. Сөйтіп, осы кезеңдері ауылдағы халық саны айтарлықтай азайып қалды. Қуғын-сүргін, ашаршылық жылдардан өткен қазақ даласына, тату-тәтті өмір кешіп жатқан тұрғындардың мамыражай тірлігін дүниежүзілік соғысы бұзды. Ұжым болып біріккен шаруашылықтарға трактор, комбайн, басқа да ауылшаруашылық техникалары беріліп, еңбек майданы қыза түскен кезең болатын. Пошта мен жинақ кассасы, кітапхана, ересектер үшін сауатсыздықты жою мектебі ашылған мамыражай жылдар өтіп жатты. Кенеттен 1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталғандығы туралы суық хабар бақыттың базарын кешіп жатқан жұрттың басына ашық күндегі найзағайдай әсер етті. Екінші дүниежүзілік соғыстың қайғы-қасіреті, зардап зары әр қазақ отбасының шаңырағын шайқалтты. Ұлдарын қан майданға аттандырып, елде солардың тілеуін тілеген талай-талай ата-аналардың қабырғасы қайысып, белдері бүгілді. Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл тынысына жан кіріп, ұжымшар-кеңшарлар құрылып, жаңаша өмір бастау алды.

    Жаңарған ауыл тынысы

    Бүгінгі күнде Жаңақоныс – Бөрлі ауданындағы ауыл, Ақсу ауылдық округі құрамында. Аудан орталығы - Ақсай қаласынан оңтүстікке қарай 18 км жерде. Табиғаты негізінен жазық, сазды-құмды, шөлді болып келеді. Климаты – қысы ұзақ, қары қалың, жазы ыстық, қоңырқай климатты. Жер бедері–жер бедерінің ерекшеліктерінің бірі-жазықтығының басымдығында. Тұрғындардың негізгі кәсібі – мал ұстау, бау-бақша, дәнді дақылдар егу. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің арқасында қойнауы құт, жайлауы малға толған елдің алтын бесігі – ауылдың тыныс-тіршілігі мен тұрмысы өз дәулетімен жандана түсуде.

    Жаңақоныс ауылы бүгінгі күнде 36 аула, яғни 132 тұрғындары бар шағын ауыл. Халыққа ауылдық клуб, кітапхана, фельдшерлік пункт ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мал шаруашылығымен айналысатын 2 шаруа қожалықтары бар.

     

     

     

     

    Конструктор сайтовuCoz