Нұрғалиева Айым
Өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп жүрген Нұрғалиева Айым Габділқызы - жырдың киесі Сырым топырағының перзенті. Қалалық Жұбан оқуларының, облыстық Махамбет оқуларының поэзия жанры жеңіспазы атанған. Республикалық Махамбет оқуларының ІІ орын иегері атанды. Сондай-ақ, Облыстық мәдениет басқармасының және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен жыр додасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.