ДӘМЕЛІ ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ
Дәмелі Құсайынқызы 1938 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жосалы ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Бұлдырты орта мектебін бітіреді. Дәмелі Құсайынқызы он саусағынан өнер тамған іскер. Әрі ақын, әрі батыр ана. Бір басына біраз өнерді жинақтаған Дәмелі Құсайынқызы өлең де жазады, өзі жазған өлеңдеріне саз шығарып, оны домбырамен орындап та жүр.
Дәмелінің Орынбор қаласындағы «Южный Урал» полиграфиялық-баспа кешенін 2002 жылы «Әже», 2005 жылы «Мұра» атты екі кітабы басылып шықты. Бұл кітаптарды ауданның барлық кітапханаларынан табуға болады.
Әдебиетер
1. Құсайынқызы Дәмелі: өмірдерек.-Алматы.:Арыс, 2011.-290 б.
2. Құсайынқызы Дәмелі: өмірдерек// Бөрлі ауданы: энциклопедия.-Ақсай: «Бөрлі жаршысы» баспасы, 2006.-74 б.
3. Құсайынқызы Д. Әке: өлеңдер жинағы.-Ақсай, 2002.-127 б.
4. Құсайынқызы Д. Мұра.-Ақсай, 2005.-126 б.
5. Құсайынқызы Д. Өнер өрге өрлетеді.-Ақсай, 2007.-126 б
6. Құсайынқызы Д. Із.-Ақсай.: «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» баспасы, 2010.-164 б.
7. Құсайынқызы Д. Өлең өлкесінде.-Ақсай, 2010.-213 б.
8. Құсайынқызы Д. Жан жарығы.-Ақсай.: «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» баспасы, 2011.-163 б.
9. Құсайынқызы Д. Тұлғалар.-Ақсай.: «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» баспасы, 2013.260 б.
10. Құсайынқызы. Дәмелі. «Елбасы Отанына күн сыйлады!»: өлең //Орал өңірі.-2012.-1 желтоқсан.-8 б.
11. Құсайынқызы Д. Қайысты қалың елдің қабырғасы: өлең//Орал өңірі.-2013.-10 қаңтар.-6 б.