Приветствую Вас, Гость · RSS
Бөрлі ауданы тарихы
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    16.06.2025, 21:51

     Бөрлі ауданы тарихы

           Бөрлі ауданы облыстағы алғашқы құрылған аудандардың бірі. Қазақ ССР-і орталық атқару комитетінің қаулысына сәйкес 1935 жылы 31 қаңтарда Батыр Қазақстан облысының құрамына Бөрлі ауданы құралған. Ауданның әкімшілік орталығы - Бөрлі поселкасы 1700 жылы салынған, мұнда Байбақты және табын руларынан көшпелі қазақтар қоныстанған. Бөрлі поселкесінде жыл сайын күзде жәрмеңке ұйымдастырылып, онда Ресейдің орталық аудандарынан келген саудагерлер өз тауарларын әкеліп  сатып және тері, жүн сияқты мал өнімдеріне ауыстырылып сауда жасайтын болған. ХІХ ғасырдың аяғында Бөрлі жеріне Ресейден шаруалар жер аударылып, көшіп келе бастайды. Олар ауыл шаруашылығымен айналысып, егін салып, бақша екті.  Алғашқы құрылған кезде ауданда Бөрлі, Байшеркеш, Даниякөл, Жаныбек, Приурал, Жарсуат, Қарашығанақ, Қарасу, Қаракемір, Березов, Ақтау, Тереңсай, Миргород, Қараоба, Қоспа селолық Кеңестері құрылып, жұмыс жасаған. 1939 жылы Ақсай селолық кеңесі құрылған. Кейін ауданда 26 колхоз, 3 машина –трактор станциясы (МТС), ірі ет совхозы жұмыс жасады. Атап айтсақ «Ленин», «Буденный», «Карл Марл», «Крупская», «Дмитрово», «Киров», «Молотов», «Чапаев», «Куйбышев», «Победа», «Красная Утва», «Садақ», «Жетекші», «Жаңаталап», «Тұңғыш», «Труженик», «Бірлік», «Известия», «Қаракемір», «Ақырап» колхоздары, «Шөптікөл» қой совхозы, «Бөрлі» ет совхозы, Бөрлі, Қарашығанақ және Березов машина-трактор станциялары жұмыс жасады.

            Ұлы Отан соғысы жылдары Бөрлі ауданынан 4608 адам майданға аттанып, 1821-і соғыста қаза тапты және 1600-ден астам жауынгерлер әртүрлі дәрежедегі орден, медальдармен марапатталды. Соғысқа Бөрліден аттанған Ф.Г.Волков, Д.И.Панфилов, Е.В. Тарасенко, Г.Г. Шевцов, Н.В. Черненко, А.Я. Тихоненколар Совет Одағының Батыры атағын алып, бүгінгі бұл батырлардың құрметіне қалада, ауылдық жерлердегі орта мектеп, көшелердің аттары беріліп, ескерткіштер орнатылды.

           1946 жыл ауданда 16 ауылдық Кеңестер жұмыс жасаған. Аудандық Кеңестің сесиясында 8 тұрақты комиссия құрылып, 73 депутат, 129 актив жұмыс жасады. Бұған қоса аудандық Кеңес атқару комитетінде ауыл шаруашылығы, халыққа білім беру, қаржы, сауда, денсаулық, әлеуметтік қамту, жол коммуналдық құрылыс бөлімдері, жоспарлау комиссиясы, кадрлар секторы жұмыс жасай бастады.

              1954 жылы Бөрлі ауданында да тың игеру жұмыстары басталды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге Ресейдің, Украина, Молдавия, Белоруссия, тағы басқа елдерден  жолдамамен тың игерушілер келе бастады. Сөйтіп, бұрын табиғи шөп қана өсіп, құлазып жатқан кең далаға сабан салып, алғашқы бороздалар тартылды. Берденко, Пономаренко, Федько, Шевченко, Антоненко сияқты бригадирлер, Михаил Фисун, Иван Рекунов, Досмуқанбет Қожахметов, Ефим Ищенко тәрізді тракторшылармен бірге Бөрлі машина-трактор станциясынан Иван базарнов, Қарашығанақ МТС-нен Михаил Федько, Петр Железнов сияқты комбайншылардың атағы шыға бастады.

              1963 жылы СССР Министрлер Советінің қаулысына сәкес басқару жүйелері ірілендіріліп, аудандар, облыстар бір-біріне қосыла бастады. Яғни Бөрлі ауданы мен Шыңғырлау ауданы қосылып, аудан орталығы Қазақстан станциясы орналасқан Ақсай қаласына көшірілген.

         Бөрлі ауданының қарқынды өсіп келе жатқан аймақтың әлеуметтік экономикалық орталығы екені ескеріліп, Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумының 1967 жылғы 29 шілдедегі  жарлығы бойынша Қазақстан қала типтес ауылының атын ауданға қарасты Ақсай мәртебесін беру оның жаңаша дамуына дем берді.

    Бөрлінің 70 жылдық белесі // Бөрлі жаршысы.- 2005. - 30 қыркүйек - 1 Б.

    Конструктор сайтовuCoz