4 сәуірде
Қызылтал ауылдық кітапханасында қазақ халқының
қоғам қайраткері, ақын, зерттеуші
А.Байтұрсыновтың туғанына 140-жыл
толуына орай «Қазақ
баспасөзінің кемеңгері» атты кеш өткізілді.
Кешке «Ұлы адамның ұмытылмас бейнесі» атты
кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. «Ұлт мәдениетінің хантәңірі» атты
газет-журналдан папка ұйымдастырылды.
Кеште
оқырмандарға Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі, шығармашылығы Қазақ салты»
атты өлеңін нақыша келтіріп оқыды. «Қазақ баспасөзінің кемеңгері» атты кешке оқырмандар
белсене қатысты. 
|