Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық кітапханасы
Ауылдың географиялық жағдайы мен топономиясы

Пугачев совхозы Пугачев совхозының жерлерімен және ет совхозы қосылу арқылы қосылды. Бөрлі ет совхозы Аралатал ауылында орналасқан, оның құрамына Бестау ауылы мен Бесағаш ауылдары кірді. 1954 жылы қазан айында жаңа шаруашылықты құру қаулысы қабылданды, ұйымдастрылған шаруашылықтың ең бірінші аты Утвин совхозы болды, содан кейін оны Пугачев совхозы деп ауыстырылды. Жаңа шаруашылықты құру үшін үлкен жұмыстар: аймақтың жер бедерін зерттеді, климаттық жағдайлар, өсімдіктердің және жануарлар әлемінің ерекшелігі топырақтың құрылысы, су қоры жасалды. Пугачев ауылының географиялық орны өте ыңғайлы.Аудан орталығынан Орал қаласынан ауылдық округі 140 км қашықтықта орналасқан. Ауылдық округ аймағын Утва өзені 2-ге бөлінеді: батыс және шығыс. Ауылдық округ жерді пайдаланушының аймағы бөктерлі ойлы-қырлы жазықты. Ауылдық округ аймағында және шекарасында Утва, Қара-Оба, Улу-сай өзендері ағады. Ауылдық округтің орталығы 7 км қашықта орналасқан Қазақстан метеостанциясының мәліметтері бойынша климат контитентті, қыстың және жаздың күн мен түннің қарама-қарсы температурасын көрсетеді. Қыс бұлтты, салқын тұрақты қар жамылғысымен 5 айға созылады, қатты жел, боран, тұманы мен төмен температурасы болған кезде қар жамылғыс 1 м тереңдікке жетеді. Аязсыз мерзімі 140 күнге дейін созылады. Жаз – ыстық жоғары қуаңшылықпенорта жылдық тұнба мөлшері 286 мм құрайды. Өсімдік дүниесінде жусан аралас бетеге, боз, селеу, қау, өзен аңғарларында емен, қарағаш, терек, көктерек, шетен, итмұрын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, суыр, борсық, қосаяқ кездеседі.
Ауыл тарихы
Пугачев – Бөрлі ауданындағы село, әкімшілк округ орталығы. Аудан орталығы –Ақсай қаласынан батысқақарай 8 км жерде, Шыңғырлау (Утва) өзенінің сол жағалауындағы бетеге, боз, жусан өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан. Тұрғын 1,4 мың адам (1999). 1997 жылдан Пугачевке қарасты Аралтал, Бесағаш, Бестау аудандарында 4 серіктестік және 6 шаруа қожалығы құрылған.
Округ аумағына енетін Пугачев, Аралтал, Бесағаш, Пепел елді мекендерінде екі білім беру ошағы, бір шағын орталық, балабақша, үш денсаулық сақтау мекемесі, бір Мәдениет үйі, үш кітапхана бар. Әлеуметтік нысандардың барлығы да көгілдір отынмен қамтылған. Пугачев селосы 98 пайыз, Аралтал ауылы 80 пайыз табиғи газ желісіне қосылса, қазіргі танда Пепел елді мекеніне көгілдір отын тартылуда. Арнайы кооператив құрылып, тұрғын үйлерді газдандыру жұмысы жүргізілуде.
Округте өмір сүріп жатқан жалпы тұрғындар саны 2756 адамды құрайды. Оның ішінде еңбекке жарамдысы – 1790 адам, жұмыс жасайтындар – 1286 адам, өз бетінше жұмыс жасайтын 504 адам болса, 19 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.
Жалпы білім беретін Пугачев орта мектебінде 342 оқушы білім алса, балабақшада 50 бала тәрбиеленуде. Білім деңгейін таразылар ұлттық бірыңғай тестілеуде Пугачевтік түлектердің нәтижесі биыл 93 баллды құраса, олардың бесеуі жоғары, төртеуі орта арнаулы оқу орындарының білім гранттарына ие болды.
«Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасылардың балаларына «Шайдетцкий» жеке кәсіпкерлігі, «Арман», «Агровик» ЖШС қолдауымен 80 мың тенгеге оқу құралдары мен киім - кешектер алып берілді. 2011 жылға жергілікті бюджеттен 18 513 мың теңге бөлінді. Соның ішінде елді мекеннің көшелерін жарықтандыруға 2569 мың теңге қарастырылған. «Ақжайықэнергосауда» ЖШС мен көше шамдарын орнатуға келісімшарт жасалды. Пугачев, Аралтал, Бесағаш ауылдарында 55 көше шамдарын орнату құқығын «УралУспех» ЖШС ұтып алды.Қазіргі уақытта Пугачев, Аралтал ауылдарында 114 шам самаладай жарқырап тұр. «Деркул» ЖШС Пугачев селосына кіре берісте екі жақты билборт орнатылса, «Дес бермеу» ЖШС әкімдік алдына әлеуметтік төлқұжат, хабарландыру тақтайшасын жасақтады. «АқсайЛидерСтрой» ЖШС көмегімен Пугачев, Аралтал селоларындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигондардың айналасына қазба жұмыстары жүргізілді. Пугачев селолық округі бойынша 994 ірі қара, 2059 қой – ешкі, 215 жылқы, 68 бас шошқа және 3648 құс тіркелген. Жылдық жоспар бойынша мал басын жұқпалы ауруларға егу жұмыстары 100 пайыз орындалды. Селолық округтің баолық жер көлемі 68 259 га болса, соның 371 гектары ауылшаруашылық мақсаттары берілген. Соның ішінде 22 618 гектар алқап егістік жер ретінде пайдаланылады. Округ бойынша екі жауапкершілікгі шектеулі серіктестік, бір мемлекеттік сұрыптау учаскесі, 25 шаруа қожалығы бар.
Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша, округ көлемінде 8 дүкен, 1 жылыжай, 1 бөдене фермасы жұмыс істейді. «Нигметов» Жеке кәсіпкерлігі жыл басынан бері 42250 дана бөдене жұмыртқасын шығарып, келісімшарт арқылы аудандағы мектеп, балабақшаларды қамтамасыз етуде. Ағымдағы жылы округте екі нысан іске қосылып, жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылды. Атап айтсақ, Шайдецкий жеке кәсіпкерлігі ашқан шұжық цехында қызмет істейтін 17 адамның 9-ы – пугачевтіктер. Ермуханова жеке кәсіпкерлігі ашқан ішінде шаштараз, маникюр, педикюр салондары бар, 15 орындық Шапағат қоғамдық моншасында 5 ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Қазіргі таңда дәріхана салынды.

Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық кітапханасының тарихы

Пугачев ауылдық кітапханасы 1962 жылы құрылған. Ең алғаш кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеген - Н.Ф. Захаров (1921 жылы туған, білімі орта мүғалімдік). Одан кейін М.Ф. Гладышенко жұмыс істеген (1928 жылы туған, білімі арнаулы орта, кітапхана еңбек өтілімі 10жыл ). Ауылдық кітапхана ең алғаш құрылған жылы кітап қоры – 4900 дана, оқырман саны – 700, оның ішінде 16 жасқа деінгі балалар – 405 болды. 2- жылжымалы кітапхана жұмыс жасап 110 оқырманға қызмет көрсетті. Сол уақытта халықтың құрамы орыстар 94%, қазақтар3%, немістер3% құрады. Сол кездегі кітапхана меңгерушілері: Кияшевская Л. – білімі орта, 1969ж
Журавлева Т. – білімі орта, 1969ж
Деревянко С.П. – білімі арнаулы орта, 1970ж
Панасович Т.П. – білімі орта, 1971ж
Литвинова Е.Н. – білімі арнаулы орта, 1973ж
Устич В.И. – білімі арнаулы орта, 1974ж
Кожевникова Н.И – білімі дәрігерлік орта, 1976ж
Львова Н.В. – білімі жоғары, 1989ж

Бүгінгі таңда ауылдық кітапхана Мәдениет үйінің ғимаратында типтік аудан көлемі 70 м2 бөлмеде орналасқан. Кітапханада үш кітапханашы жұмыс істейді: кітапхана меңгерушісі Львова Наталья Васильевна білімі жоғары, кітапханашы Жұмағұлова Рабиға Ғалиқызы білімі арнаулы орта, кітапханашы Капашева Алия Римовна. Жалпы кітап қоры 2012 жылдың басында 12 688 дана, оның 2212 данасы қазақ тілінде. Кітапхана 11 түрлі журналдар, 11 түрлі газет алады. Оқырман саны жыл сайын көбейіп келеді. Кітапханада оқырмандармен түрлі әдістерді қолдана отырып көптеген жұмыстар жүргізізіліп отырады: әдеби кештер, сайыстар, викторина ойындар жиі ұйымдастырылып тұрады.
Жыл сайын ауылдық кітапханада «Балалармен жасөспірімдер кітаптарының апталығын» және «Жазғы оқу» бағдарламасын өткізу дәстүрге айналған. Арнайы жеке жұмыс жоспары бойынша «Туған өлкем қандай көркем» атты сурет салу сайыстарын «Табиғатты аялайық» атты акция т.б. брейн-рингтер, кездесулер өткізіледі. 2006 жылдан бастап балалар кітабы апталығын басқаша үрдіспен мереке түрінде өткізуді Наталья Васильевна қолға алып келеді. Мысалы, көрме –жарнама түрінде- «Сүйікті кітаптар шеруі» деп аталатын балалардың сүйікті кітаптарына көрме жасалып , әдебиеттерге шолу жасалды. Жаңадан келген әдебиеттерге жарнама жасау мақсатында кітаптардан үзінділер оқылды. Балалар өздерінің ұнатып сүйіп оқитын әдебиеттері жайында әңгімеледі. «Кітап жәрмеңкесі» «Жоғары мәртебелі кітап» атты ертенгіліктер кішкентай оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятты. Сонымен қатар үнемі өзекті тақырыптарға байланысты кітап көрмелері жасақталып, анықтамалық-библиографиялық жұмыстар жүргізіледі. Ардагерлермен, ауыл тұрғындарымен «Қарттарым алтын бесігім» атты кездесулер, әнгіме, дөңгелек үстел өткізіледі. Оқырмандарды кiтапханаға тарту үшін жаңа формалар және әдiстерi жүргiзiледi. Жастарды кітапханаға тартудың иновациялық әдіс түрі - жастарға арналаған «Жан сарайы» атты жастар күнделігі болып табылады. Бұл күнделіктің басты мақсаты жастардың құлықты мәселелерінің дәптер бетіне сырларын жазуы және де өзге достарына қиын шақта көмек қолын ұсынуы. Кітапханада қалыптасқан дәстүрлі байқаудың бірі «Жазғы - кітап» деп аталады. Бұл байқау 1-3 және 4-6 сынып оқушыларынан құралған оқырмандар арасында өткізледі.Сондай-ақ, оқырман отбасылар арасында түрлі байқауларды өткізу кітапхананың жылдық дәстүріне айналған. Осы орайда биыл өткізілген «Оқырман отбасы» байқауына қатысқан отбасылар байқауға деген және жалпы кітапханамен кітапқа деген сүйіспеншіліктерін осы байқауға белсене қатысулары арқылы байқата білді.

Кітапхана аудандық «2007 жылдың Үздік кітапханасы» байқауында «Үздік жүлдеге» иеленді. Облыстық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауында үшінші орын алды. 2005 жылдан бері компьютермен жұмыс істейді. 2012 жылы 4 шілдеде Бөрлі ОКЖ-нің Пугачев модельді (үлгілі) ауылдық кітапханасының ашылу салтанаты болып, модельді кітапхан төлқұжаты табысталды. Қазіргі таңда кітапхананың кітап қоры 12913, оның ішінде қазақ тілінде 2454 дана, 22 мерзімді басылымдар бар. Оқырмандар саны 1245, оның қазақтар 601, кітап берілімі 26901, қазақтар 12091, оқырмандардың қатысуы 12943 құрайды. Кітапхана 1 телевизор, 2 компьютер, 2 принтера, ксерокс, сканер, 1 электрондық оқулықпен қамтылған.