Бөрлі ауылдық
кітапханасы
Бөрлі ОКЖ-де
алғашқы кітапханалардың бірі болып 1930 жылдарда Бөрлі кентінде оқу үйі түрінде
кітапхана негізі қаланып, ол кішкене жертөле үйде орналасты. Кеңес үкіметі
кезінде коммунистер мен комсомолдардың бірлесіп, қолдауымен қызыл бұрыш бөлмесі
өзгеріп,бертін келе ауылдық кітапхана болып ашылды. Алғашқы кітап қоры 1324
дана құрап, оқырмандар саны 300-ге жуық болды. Ауыл кітапханасы соғыстан
кейінгі жылдарда ауыл тарихында ерекше орны бар мәдениет ошақтарының біріне
айнала отырып түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіліп тұрды. 1976 жылы
кітапханаларды орталықтандыру аяқталды, соның негізінде аудан кітапханасы болып келген Бөрлі кітапханасы
№29 филиалы болып қайта бекітілді. Бүгінгі таңда кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. кітапхананың кітап қоры – 28379
дана.
Кітапхана негізінен ауыл тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыра
отырып, өлкетану, қазақстандық әдебиеттерді насихаттау бағытында әр алуан
жұмыстар істелінуде.

