Приветствую Вас, Гость · RSS
Қызылтал ауылдық кітапханасы
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    16.06.2025, 23:24
    Қызылтал ауылдық кітапханасы
              1950-60 жылдары шалғайда жатқан шағын ауылда мәдени орталық – кітапхананың ашылуы қуантарлық жаңалық болып саналатыны сөзсіз еді. Сондай ауылдың бірі он бес – жиырма үйден тұратын Қызылтал ауылы еді. 1966 жылы сол шағын ауыл тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді. Қызыл бұрыш ретінде болса да 50 дана кітаптан тұратын кітапхана ашылып оқырмандарға білім бұлағына жол көрсетті. Осы шағын кітап қорымен меңгеруші болып тағайындалған Ищанов Қазекеш салған жерден жұмысты жандандырып оқырманды өзіне үйіре білді. 1970 жылы мәдени орталық – Қызыл бұрыш кәсіподақ кітапханасы атағына ие болды. Оны «Миргород» кеңшары өз қамқорлығына алып, кітап қорын ұлғайтуға жыл сайын қаржы бөліп көмектесіп тұрды. Осыған орай жаңа тағайындалған меңгеруші Г.Байжанова кітапхана жұмысын жемісті алға бастырды, оқырмандардың өскелең тілектеріне сай кітапты насихаттаудың әр түрлі жолдарын ізденіспен тауып құрметке бөленді. 1976 жыл кітапхана үшін ерекше қуанышты болды. Ол мемлекеттік кітапхана дәрежесіне ауыстырылды. Сол кезде кітап қоры 2500 кітапқа жетіп оқырмандар саны 378-ге көтерілді.
              Осылай қол жеткен жемісті жолдарды 1974 жылдың қазан айында кітапханаға жаңадан келген жас маман М.Н.Алтаева қарқынды іскерлігімен өрістете жалғастырды. Уақыт өткен сайын мезгіл мен халықтың талап-тілегіне сай кітапхананың кітап қоры молайып 9083 данаға жетіп, оқырмандардың саны мыңнан асып түсті. Кітапхана оқырманды тек қана кітаптармен қамтамасыз етумен шектелмей, мерзімді басылымдарға деген талап-тілектерін мазмұнды орындап, дүниетаным өрістерін кеңейтуде. 30 жылдан аса уақыттан бері жұмыс жасап келе жатқан Меңсұлу Наухақызы кітапханадағы кітап қорын халыққа таныстырудың әр түрлі жолдарын талмай іздестірумен шұғылданды. Кітап көрмелері, тақырыптық папкалар, кездесу кештері, библиографиялық шолулар, ашық есік күндерін өткізу іс-шаралары солардың бірден-бір айғағы.  
               Кітапхана өз жұмысын мектеп, мәдениет үйімен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен және жазда «Шағала» демалыс лагерімен тығыз байланыста жүргізе отырып мазмұнымен көпшіліктің көңілінен шығуға еңбектенеді, тырысады.
                «Басты назарда – Президент жолдауы» деген тақырыпта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы әрбір мекемелерде талдануы, «Жарым да сен сырымда сен, ұлы Жеңіс солдаты» өткен Жеңіс күніне арналған кездесу кеші, «Табиғат сенің досың» ақпарат материалдары, «Кеше, бүгін, ертең» медицина күніне сай өткізілген іс-шаралар, «Ашылмаған сыры көп, қыран ақын» М.Мақатаевтың мерей тойына арналған әдеби сазды кеші, «Ақыннан артық ешкім жоқ» О.Сүлейменовтің туған күніне және «Елінің еңлік гүлі» Ф.Оңғарсынованың мерей тойына арналып өткізілген поэзия кештері-сол жемісті жұмыстарына үлес қосқан іс-шараларының бірден-бір көріністері.
                Бүгінгі күнде кітап қоры 9083 дана. Сауатты да білімді маман М.Н.Алтаева кітапхана жұмысын көркейтуге, көрнекті етуге көп көңіл бөліп оқырмандардың тілін табуға жеткен жетістіктері, негізінде кітапхананы ауданда жоғары дәрежедегі кітапхана дәрежесінде ұстап келеді. Жоғары жетістіктер оқырмандар санының артуына да өз үлесін қосты. Соның нәтижесінде кітап беру жетіле түсуде. Кітапханада ауыл тарихы және тұрғындары жайлы жинақталған материалдар ерекше көзге түседі. «Қазақсанның жарқын жұлдыздары» атты жинақ және кітапхана күшімен шығарылған «Кітапхана мәдениетті қолдау жылы қарсаңында» бүктемесі көңіл толтырарлық.
    М.Н.Алтаева үнемі ізденісте қолжеткен жетістіктермен шектеліп қалуға қарсы. Өзін-өзі тоқтаусыз жетілдіруді негіз етеді. Оның қарышты қадамды еңбектері елеусіз қалған емес: аудандық мәдениет бөлімінің мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты» тапсырылды. М.Н.Алтаева көпжылғы еселі еңбегімен ауданда және ауыл тұрғындары арасында сыйлы.
              Қызылтал ауылдық кітапханасының алдағы мақсаттары орасан: «Жыр жазамын жүрегімнен» және «Полиглот» қызығушылар клубтарының жұмыстарының өрісін кеңейтіп жан-жақты жандандыру, республикалық саяси және мәдени өміріне белсене араласып өз үлестерін қосып жан-жақты ету. Кітапхана мамандары заман талабына сай кәсіби біліктіліктерін жетілдіруді бірінші жолға қою. Кітапхананың келешегі зор, оған деген сенім шарықтау үстінде. 2007 жылдың 16 желтоқсанында кітапхана жаңа клуб ғимаратына көшірілді.   
    Конструктор сайтовuCoz