Приветствую Вас, Гость · RSS
Ақсу ауылдық кітапханасы
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    17.06.2025, 02:43
    Ақсу ауылдық кітапханасының тарихы
     
             Ақсу – Бөрлі ауданындағы селолық округ әкімшілігі, округ орталығы. Аудан орталығы Ақсай қаласынан оңтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан, Жайықтың сол саласы – Шыңғырлау өзенінің жағалауындағы қамыс, құрақ аралас бетеге, сұлыбас, т.б. әртүрлі астық тұқымдас шөптесін өскен шалғынды-қоңыр, қызыл-қоңыр топырақты құрғақ далалық белдемде орн.аласқан. Тұрғыны 0,9 мың адам (1999). Іргесі тың жерлерді игеру жылдары (1954) осы маңда «Ақсу» астық өсіру кеңшары ретінде қаланды. Оған Жаңақоныс ауылы бөлімшесі ретінде кірді. Селода орта және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, кітапхана бар. Халыққа дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункті қызмет көрсетеді. Соған орай ауылдық кітапханасының ашылу уақытысы да бертін келе болды. Алғаш есік ашқан жылы – 1958 ж. Тұңғыш кітапханашылар Громова В.У., Хасанова А., Кульпейсова З.С. болды. Тың игерушілердің қарқынды еңбегі қызыпта, қайнап тұрғанда мәдени ошағының қажеттілігі де ерекше еді. Соны терең түсінген кітапханашы да өз жұмысын жандандыра жүргізе бастады. Оның алғашқы жемісі – кітап қорының 5414 данаға көтерілуі. Оқырмандар саны да 620 –ны құрады. Бұл көрсеткіштер тың игеруде кітапхананың қандай дәрежеде жұмыс істегенінің айғағы. Егіс науқандарында қос басында, мал фермаларында қызыл бұрыштар ашылып газет, журнал, кітаптар үзілген жоқ. Тың игерушілер бос уақытын сол қызыл бұрыштарда өткізіп жаңалықтармен кенеліп, кітаптармен сусындады. Сол жылдары кітапханада өткізілген мазмұны терең іс-шаралар өз алдына мол дүние.
            Соңғы жылдары Ақсу селолық кітапханасында М.М.Алиханова, Г.Н.Курмангабылова кітапханашы болып жұмыс жасады. Қазіргі кезде селолық кітапхана Ақсу селолық мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. 2011 жылдың маусым айынан бері кітапхана меңгерушісі Лариса Ескалиқызы Тлеугалиева жұмыс жасайды.
            Кітапханада 6 орындық оқырмандарға арналған оқу залы бар. Кітап қоры 16 000 дана, оның ішінде қазақ тілінде 2289 дана, 250 астам оқырманға қызмет көрсетуде. Кітапхана «Балалар әлемі» «Қазақстаным - Қарашығанағым» «Жаңа кітап -жан азығы», Қазақстан болашағы қазақ тілінде «Қазақстан туған мекенім», «Міндет айқын, бағыт дұрыс» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. «Оқуға құштар Қазақстан», «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Мәдени мұра», бағдарламалары бойынша және ақын жазушыларының мерейтойларына әдеби кештер ұйымдастырылып, такырыптық папкалар мен картотекалар жинақталады. Кітапханада мереке сайын әр түрлі бағытта іс-шаралар өткізіледі. Іс-шараларға ауыл ақсақалдары, мектеп мұғалімдері, әлеуметтік мекемелер қызметкерлері және оқушылар қатынасады. Ай сайын кітапхананың кітап қоры жаңа әдебиеттермен  толықтырылып тұрады.
    Конструктор сайтовuCoz