Александров ауылдық
кітапханасы.
Ауыл халқымыздың түп тамыры, алтын бесігі десек, бүгінгі
таңда ауыл халқын әлем өркениетімен
таныстырып, ұлттық болмысты әлемдік руханиятпен жақындастырар қасиетті шаңырақ
– ауыл кітапханасы десек артық емес.
Осындай кітапханалардың бірі Александров ауылдық кітапханасы.
Оның алғаш есік ашқан жылы – 1932
жыл. Бұрынғы бай көпестің үйіне орналасып негізін қалаған. Кітап қоры шамамен
1000-ның төңірегінде еді. Заман уақытына қарағанда бұл сан да көңілге жылы
тиерлік. Кеңес үкіметінің белсенділерінің басын қосып, кеңесіп әдебиеттердегі
шығармаларды талқылап пікір алысатын қызыл бұрыш орнына айналды. Қызыл бұрыш
1959 жылы клубқа көшіріліп кітапхана
дәрежесіне көшірілді. Кітап қоры ұлғайып 5784 данаға жетті. Алғашқы
кітапханашылар болып Е.Н.Лавриненко, А.И.Кравцова, М.П.Легкоступовалар еңбек
етті. Олардан кейін Н.В. Лебедь 20жыл аянбай жұмыс жасады. Қазір зейнеткер
демалысында.