Приветствую Вас, Гость · RSS
Облав ауылдық кітапханасы
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    18.06.2025, 07:19

    Облав ауылдық кітапханасы

    Әр адамның етене жақын досы – кітап. Ауыл, кент демей-адам сауатын ашатын ошағы болуы тиіс. Бұрын кітапханасы болмаған Облав ауылы 1956 жылы үлкен қуанышқа бөленді. Аз кітап қорымен ашылған бұл білім ошағын Ганямен деген мұғалім басқарып қолға алды. Ол кітаптың аздығын хабарлап, көмек сұрап Н.К.Крупскаяға хат жазды. Тілегі орындалып, кітап қоры азда болса ұлғайып басқа ауылдар секілді оқу үйі түрінде кітапхананың негізі қаланды.

    Келешек кітапхана жұмысын Т.Горянова өз қолына алды. Қараңғы кештерде май шамдармен жарықтандырып жұмыс өрісін кеңейтті. Енді ауыл кітапханасы маңызды істерге шамшырығы жарқырыған аралдай, оты өшпеген қара ошақтай, қараңғы түнде алған жарқырыған жарық сәуледей жол нұсқайтын мәдени ошағына айналды. Оны жандандырып, өрістету міндетім деп тапқан кітапханашы оқырмандарға керекті кітапты дер кезінде тауып беріп, өз қызметін қарқынды түрде жалғастыра білді. Кітапхананың жұмысын түсіне бағалаған Облав ұжымшарына бастық болып келген М.М.Зиновьев бір азаматтық көрегендікті көрсетті. Ұжым кеңсесін шаруа Федькоға беріп оқу үйін соның жеке үйіне көшірді. Нәтижесінде жаңа да әсем үйге орналасқан кітапхана жұмысы жандана түсті.

    1959ж кентке тың игерушілер келді. Олар жұмыстан соң оқу үйіне келіп, кітаптар алып тынығады. Артынан олар ауылға клуб салып, соның бір бөлмесін кітапханаға арнайды. Сөйтіп, жеке үйде орналасқан кітапхана клубқа көшіріледі. Клуб пен кітапхананың меңгерушісі болып, арнайы Украинадан жолдамамен жұмысқа жіберілген Кано Лидия тағайындалады.

    1970 жылдардың аяғы, 1980 жылдарда кітапханаға арналып жеке үй салынды. Ол кезде кітапхананы Е.В.Ерзикова басқарды. Осы кездерде кітап саны да өсе бастады. Дюманың 12 томы, орыс және шетел жазушы, классиктерінің шығармалары келе бастады. Балаларға арналған әдебиеттер көбейеді. Сол кезде әр түрлі игі істер туралы қенінен мәлімет беретін іс-шаралар атқарылып, кітап көрмелері ұйымдастырылады. Кітапханашы дала қостарына барып, трактористер мен комбайнерлер алдында сөз сөйлеп жұмысшыларды кітапханадан әдебиеттер алып оқуға шақырды. Осының нәтижесінде оқырмандар саны өсе бастады. Ол құрметті демалысқа кеткеннен кейін Г.М.Ярошенко, С.Қ.Төлеуова қызмет істеді. Олар да Е.В.Ерзикованың жұмысын әрі қарай жалғастыра білді.

    1998 жылдан бері арнаулы кітапханашы мамандығы бар кітапханашы Д.А.Ахметова жұмыс жасап келеді. Бүгінде ауылдық кітапханада 4568 дана кітап есептеледі. Оның ішінде мемлекеттік тілде – 727 дана. Сондай-ақ, 13 дана баспасөз басылымдары да бар. Қазір кітапханаға жаңа әдебиеттер жиі түсіп тұрады. Облавка тұрғындары көп ұлтты, соңдықтан оқырмандар сұраныстары да әрқилы болып келеді. Олардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін кітапханашы оқырмандардың қажетті әдебиеттерін таңдап, тауып алуына үлкен көмек көрсетеді. Осы орайда ауылдық кітапхана – заман талабына сай табаны мығым мәдениет ошағына айналған. Ауылға сирек келетін газет-журналдарды сонда оқып, әлемдегі жаңалықтармен танысып, ауыл тұрғындары қарық болуда.

    Кітапханада «Экология» клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері табиғат және Орал өңірі табиғатының экологиясы туралы кітаптарды, журналдарды, мақалаларды пайдаланып жұмыс істейді. «Кітаптар ауруханасы» үйірмесінде балалар тозған, ескірген кітаптарды жөндеуден өткізіп қалпына келтіреді. Сөйтіп кітап қорын сақтауға үйренеді. Кітаппен жұмыс істеуді игеріп, сүйікті кейіпкерлердің суретін салып, түрлі сайыстарға қатысады.

    Зейнеткерлерге арнап «Ақпараттық папка» жасалған. Онда зейнеткерлер қоры туралы көптеген материалдар табуға болады. Ауыл кітапханасы жас жеткіншектердің білімді азамат, ұлы тұлға болып өсуіне, аянбай өз үлесін қосып, оқырмандармен алдағы уақытта қызметін жалғастырып келеді.

    Конструктор сайтовuCoz