Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі (КҚТжӨ) «Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің құрылымдық бөлімі болып 1976 жылы 1 қаңтарында құрылған. Аудан кітапханаларын үздік, әрі сапалы басылымдармен қамтамасыз етуде бөлімнің орны мен міндеттері ерекше.
Бөлімнің негізгі функциясы:
- ОКЖ құжаттар қорын толықтыру;
- Құжаттарды ғылыми және техникалық өңдеуден өткізу;
- Құжаттарды КЖТ бойынша жүйелеу;
- Құжаттар қорының инвентарлық және жиынтық есебін жүргізу;
- Құндылығы мен маңыздылығын жойған құжаттардан тазарту;
- Карточкалық және электрондық каталогтарды жүргізу және саралау;
- Құжаттар қорының сақталуын қадағалау және тексеру;
- Жалпы құжаттар қоры, түсімі, есептен шығарылуы, бөлінген қаржының игерілуі, сақталуы туралы есеп беру;
- ОКЖ кітапханаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
2001 жылдан бастап РАБИС бағдарламасы енгізіліп, электронды каталогтың алғашқы базасы жасақтала бастады. Бірақ, компьютердің істен шығуына байланысты деректер жойылып, 2003 жылдан жаңа деректер базасы құрылды.
Бүгінде электрондық каталогтың көлемі – 33496 жазба (01.01.2017).
1999 жылы Бөрлі ОКЖ-сі Сорос-Қазақстан қорының гранты «Пушкин кітапханасы» мегажобасына ие болып, арнайы каталог бойынша жеңілдікпен басылымдар алуға мүмкіншілік алды. Үш жылға созылған осы жоба бойынша 2000-02 жылдары аудан кітапханалары 2370 дана сұранысқа ие үздік басылымдармен толықтырылды. Бұл кітапхана қорының «оңтайландыру» үрдісі мен нарықтық экономикаға кірген кезеңнен кейінгі алғаш рет жаңартылуы еді.
Соңғы 10 жылда (2007-17 ж.ж.) 84404 дана жаңа құжаттар өңдеуден өткізіліп, кітапханалар қорын толықтырды. Соның ішінде қазақ тіліндегі құжаттар 58643 дана.
2003 жылы алғаш рет жергілікті бюджеттен 10000 теңгеге 1 дана кітап түсті.
2005 жылы кітап қорын толықтыруға жергілікті бюджеттен 340110 теңге қаражат бөлініп, КПО б.в. компаниясынан бөлінген 104080 теңгеге Димитрово, Қарашығанақ, Жарсуат, Приурал ауылдық кітапханаларына 176 дана сұранысқа ие жаңа әдебиеттер сатып алынды. 2006-09 жылдары №2 қалалық кітапханасының қоры кәсіби оқу бағытындағы басылымдар, газ-мұнай саласы бойынша оқулықтар, мамандық таңдау бағытындағы басылымдармен толықтырып, жаңартылды.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша аудан кітапханаларының кітап қоры «Алаш мұрасы», «Батырлар жыры», «Бабалар сөзі», «Алтын қор», «Әлемдік филосоя мұрасы» т.б. 630 атау маңызы зор, құнды басылымдармен толықтырылды.
Соңғы он жылда (2006-16 ж.ж.) Бөрлі ОКЖ-нің жалпы құжаттар қоры 44702 данаға, қазақ тіліндегі құжаттар саны 51267 данаға артты. Осы жылдары жергілікті бюджеттен кітап қорын толықтыруға 21 млн. 500 мың теңге, мерзімді басылымдарды жаздыруға 23 млн.500 мың теңге қаржы бөлінді.
Соңғы 2014-16 жылдар аралығында жалпы құжаттар қоры 6% -ға , қазақ тіліндегі құжаттар 21% жаңарған. 2016 жылдың қортындысы бойынша білім салалары бойынша:
67% – тілтану,әдебиеттану, көркем және балалар басылымдары;
17 %–қоғамдық-саяси басылымдар;
7% – техника, ауыл шаруашылығы басылымдары;
5% – жаратылыс ғылымдары басылымдары;
4 %– өнер және спорт басылымдары құрайды.
Сонымен қатар, осы жылдары барлығы - 26219 дана, қазақ тілінде -1543 дана басылым тозығы жетуі, мазмұны ескіруі, жоғалуы себепті есептен шығарылып, 4 аудандық семинар өткізілді.
Жыл сайын «Жас кітапханашылар» мектебінде жаңадан жұмысқа алынған кітапханашылар іс- тәжірибеден өтеді. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жыл сайын қала кітапханалары мен қатар ауыл кітапханаларында жалғасын табуда.
Бөлім қызметкерлерінің қатысуымен «Бөрлі ОКЖ-сі бойынша мерзімді басылымдарды сақтау туралы Ереже», кітапхана қызметкерлеріне арналған «Правила обращения с документами», «Гигиенические условия сохранности библиотечного фонда» т.б. естеліктер құрастырылды.
Құжаттар қорын қалыптастыру,сақтау және пайдалану мәселесі бойынша ОКЖ-сі бойынша Комиссия құрамы құрылды.
Бөлім қызметкерлері
Бөлім меңгерушісі –
Мария Утегеновна Сарсенгалиева
Құжаттарды жүйелеу және электронды каталогпен қызмет атқаратын кітапханашы –
Бибігүл Кобдиковна Мухамбетьярова
Құжаттарды өңдеу қызметін атқарушы кітапханашы –
Самиға Шортанбаевна Жакупова
Құжаттарды сатып алу және толықтыру қызметін арқарушы кітапханашы
Дина Байгалиевна Джумаш
Кітапханашы-библиограф –
Самал Маратовна Тасымова
Сауатты жинақталып, тұрақты толықтырылатын құжаттар қоры -
әр кітапхананың сапалы қызметінің негізі.