«Астанам –
Қазақстан тұмарындай!»
Успен
ауылдық кітапханасында шілденің алтыншы жұлдызында «Астанам – Қазақстан тұмарындай!» атты тақырыптық кеш өтті. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
бағытында Астана қаласына сырттай саяхат ойыны жүргізіліп, Астананың
елтаңбасы, «Бәйтерек» монументі, «Отан қорғаушылар» монументі, Ақорда – Президент Резиденциясы, Бейбітшілік
пен келісім сарайы, «Думан» ойын – сауық орталығы, «Атамекен» этникалық
саябағы, «Отан қорғаушылар» монументі, Ауған
соғысына қаза тапқан қазақстандықтарға арналған мемориал, «Барыстар» (Есіл
өзеніндегі көпірде), Әділқазы ескерткіші сияқты мәдени ескерткіштермен
таныстырылды. Одан кейін әдеби монтаж жүргізіліп, оқушылар арасында Бақытжан
Тобаяқовтың «Тәуелсіздікті – тәу етем!», Төлеген Меллаттың «Астана», Қанат Нұрмахановтың «Мәңгілік
бәйтерек жыры» атты поэма - толғаулары оқылды. 
|