«Аудан кітапханалары: атқарылған жұмыстың қорытындылары және дамытудың нақты бағыттары»
семинар-кеңес
08 ақпан 2013 ж. аудандық кітапхананың оқу залында 2012 жылдың жұмысын қортындылау мақсатында «Аудан кітапханалары: атқарылған жұмыстың қорытындылары және дамытудың нақты бағыттары» тақырыбымен аудандық семинар-кеңесі оздырылды. ОКЖ директоры Д.К.Нұрашова алғысөзімен бастап, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі Б.Б.Исмагулова «Бөрлі ОКЖ-нің 2012 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы» баяндамасында өткен жылда қол жеткізген жетістіктері жөнінде мәлімдеді. Ақпараттық –библиографиялық бөлім меңгерушісі В.С.Қожабергенова ақпараттық–библиографиялық жұмыстар мен жоспарын таныстырса, «Аудан кітапханаларының кітап қорын толықтыру: мәселелері, болашағы» тақырыбында кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі С.М.Тасымова Бөрлі ОКЖ-нің кітап қорының жағдайы мен алдағы күндер еншісінде жоспарларымен таныстырды.

Әдістеме жұмысы бойынша директор орынбасары А.Т.Мусаева «2013 жылғы атқарылар жұмыстардың негізгі бағыттары» атты тақырыбындағы баяндамасында кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жоспарланып отырған семинар-триненгтермен, байқаулар мен ауқымды шаралар тұрғысында айтты. Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсететін сектордың меңгерушісі В.С.Иманова «Кітапхана жағдайында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік оңалту» атты баяндамасында мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсетудің бағыттары мен жұмыстары барысында таныстырды. Сондай-ақ, семинар-кеңес соңында әр түрлі мәселелер тұрғысында талқыланды.
|