12 наурыз күні Ақбұлақ ауылдық кітапханасында орыстың балалар жазушысы С.Михалковтың 100 – жылдығына арналған бастауыш сынып оқушыларымен дауыстап оқу іс –шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: С.Михалковтың шығармаларын насихаттап, балаларға мәнерлеп оқу барысын үйрету. Оқушылар С.Михалковтың «Котята», «Часы», «Рисунок», «Прививки», «Дядя Степа» атты өлеңдерін дауыстап оқыды. Жазушының «Дядя Степа - милиционер» тақпақты әңгімесіне арнап суреттер салынды. «Лучщие стихи» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу өткізілді.
|