«Мұхит мұрасы»
әдеби-сазды кеш
№2 қалалық кітапханада 13 наурыз күні Ақсай қалалық №3 ЖББОМ – нің 10 «а» сынып оқушыларының қатысуымен әнші, композитор Мұхит Мералиұлының өмірі мен өнеріне арналған «Мұхит мұрасы» атты әдеби-сазды кеш оздырылды. М.А.Жусубалиева Мұхит Мералиұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.
Кештің қонағы, жергілікті ақын, Мұхиттың шөбересі А.Ғ.Мұхитова өзіндік мектебін қалыптастырған ұлы дарын бабасының ұрпақтары туралы әңгімеледі. Отбасылық фотоальбомын көрсетті. Мұхит салдың лирикалық шығармаларына тоқталып, «Ақ иіс» атты әнінің өмірге келген тарихын баяндады. Шараны дәстүрлі әнші: Қ.С.Мұхитова жалғастырып, «Ақ иіс» әнін орындады.
№3 ЖББОМ 10 «а» сынып оқушысы: А.Мұханбеткереева кештің соңында А.Бақтыгерееваның «Мұхит шырқау үшін дала керек» атты өлеңін оқыды. Әдеби-сазды кеш жоғары дәрежеде, қызықты өткізілді. Оқырмандар Мұхит бабамыздың әнін сүйсініп тындап, рухани әсер алды. Шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
|