Бөрлі Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ММ-не қарасты кітапхана мамандарының арасында «2014 жылдың Үздік кітапханашысы» атты аудандық байқауы оздырылды. Оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір – кітапхана болса, оны жалғастырушы кітапханашылар. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, парасатты кітапханашылардың орны ерекше.
Қиындығы мен қызығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап және ақпарат жайлы бағыт-бағдар алуы үшін қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Осындай маман иелері мамандықтарының құндылығын қорғамақ мақсатында «2014 жылдың Үздік кітапханашысы» атты аудандық байқауға қатысты. Жоғары ақпараттық біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман ретінде танылып жүрген кітапханашылар Ерменғалиева Нургул Темірғалиқызы – №1 қалалық кітапханасы, Исмагулова Булбул Беркінғалиқызы – ақпараттық-библиограф.бөлімі, Кужабергенова Венера Серікқалиқызы – Орталық балалар кітапханасы, Искакова Назгул Қайырбекқызы – Ақсу ауылдық кітапханасы, Есентаева Гулжаухар Құтжанқызы – Киров ауылдық кітапханасы, Ищанова Салтанат Маратқызы – Қызылтал ауылдық кітапханасынан. Кітапханашы мамандарының имиджін қалыптастыру, жаңашылдыққа ұмтылдыру, жаңа заман талабына сай ақпараттық технологияны терең меңгерген интеллектуалдығы жоғары үздік мамандарды анықтауды мақсат еткен шара жоғары деңгейде өтті. Төрт айналымнан тұрған сайыс барысында кітапханашыларымыздың ойлампаз, парасатты, шешендік шеберлігі, сөйлеу мәдениеті, жалпы білімдарлығы жоғары, интеллектуальды тұлға екендерін көрдік. Сайыстың қортындысы бойынша жылдың «Үздік кітапханашысы» болып Исмагулова Булбул Беркінғалиқызы танылды. Алдағы күндерде кітапхана жұмысының сан қилы әдістерін меңгеріп, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, білімді де, білікті маман ретінде көріне беріңіздер деген тілек білдіреміз.
|