«Оқырманның діни сауаттылығы»
дөңгелек үстел
Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 20 ақпанында Аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Оқырманның діни сауаттылығы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Жалпы шараның басты мақсаты дін ілімі, мәдениеті туралы оқырмандарға қызмет көрсетуде кітапханашыларға әдістемелік көмек беру, оқырмандарды имандылыққа, инабаттылыққа баулу мақсатында кітап қорындағы осы бағыттағы әдебиеттерді насихатттау болып табылды. Сондай-ақ қазіргі кездегі дін мен салт-дәстүрдің ара қатынасы, қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу, дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру болып табылды. Дөңгелек үстелге Бөрлі аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің найб имамы, №5 ЖББОМ-тің дінтану пәнінің мұғалімі, Бөрлі ОКЖ бөлім және кітапхана меңгерушілері, кітапханашылары қатысты.

Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы Н.Т.Ерекешова «Дін – имандылық айнасы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасап, кітап қорындағы діни бағыттағы әдебиеттермен таныстырды.

ОКЖ директоры Д.К.Нурашова алғысөзімен бастап, діни тұрғыдағы көзқарасын ортаға салды. Бөрлі аудандық Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Қ.Исмагулова «Бүгінгі күндегі ауданымыздағы діни ахуал», Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің найб имамы Б.Ж.Әділ «Дінімізге берік болайық!», Бөрлі аудандық ЖББ №5 орта мектебінің дінтану пәнінің мұғалімі Ш.Г.Доскалиева «Балалар мен жасөспірімдердің дін ілімі туралы түсінігі және діни сауаттылығы», Орталық аудандық кітапханасының меңгерушісі С.М.Ихсанова «Имандылық – тәрбие діңгегі», Орталық балалар кітапханасының филиалының кітапханашысы Г.О.Малбагарова «Иман – мінез-құлықты түзейтін құрал», Бумакөл ауылдық кітапханасының меңгерушісі М.К. Маймирова «Дінге құрметпен қарайық» тақырыптарында ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында кітапханашылар өздерін толғандырған мәселелер тұрғысында сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
|