«Әдебиеттің алтын арқауы»
әдеби кеш
Ұлттық кітапхана бастамасымен «Мұхтар Әуезовты оқимыз» атты акция аясында 22.02.2013 жылы аудандық қызмет көрсету бөлімінде «Әдебиеттің алтын арқауы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Әдеби кештің мақсаты Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасына оқырмандар назарын аудару, жазушының өмірі мен әдеби шығармашылығымен таныстыру және қызығушылығын арттыру. Кітапхана қорындағы М. Әуезовтың шығармаларын насихаттау, оқырманды кітапханаға тарту.
Кешті Батыс Қазақстан инженерлік-экономикалық колледжінің студенттері және мұғалімдерінің қатысуымен кітапханашы Ж.К.Мубаракова жүргізді. Кеш барысында кітапхана меңгерушісі С.М. Ихсанова қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан, әлемдік құбылысқа айналған, қазақ әдебиетінің классигі, академик Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығынан ауқымды мағлұмат беріп, интертақтадан слайд арқылы таныстырып өтті. Жазушының «Жетім» әңгімесі мәнерлеп оқылып, оқырмандар арасында талқыланды.
Студент Айтжанова Айдана Қасым Аманжоловтың «Мұхтар аға», Сыр Мәуленовтың «Мұқаңа» атты өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Кеш соңында «Дәуірдің ұлы, ғасырдың үні» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұйымдастырылды.
|