Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Апрель 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    06.07.2025, 01:24
    Главная » 2013 » Апрель » 25 » 23.04.2013
    14:35
    23.04.2013

                                                «Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар  

     кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс.

    Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес»

    Серке Қожамқұлов

    23 сәуір - дүниежүзілік кітаптар мен авторлар құқығы күніне орай Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап – ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. Оқырмандарды кітап оқуға шақыру, әдебиеттерді тереңнен насихаттауға бағытталған шараға ЖББ №5 орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысты.


    Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы Ж.Қ.Құрманғалиева дүниежүзілік кітаптар және авторлар құқығы күні жөнінде қысқаша мәлімет берді.


    Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы Н.Т.Ерменгалиева «Кітап - ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, бірінші бөлімде Қазақстанның мәдениеті мен рухани құндылықтарының қайнар бұлағына айналған кітаптар, кітапханалар тарихынан мәлімет беретін әдебиеттермен таныстырса, «Мәдениеттің мәйегі кітап» атты екінші бөлімінде кітап және кітапхана жөнінде баспасөз басылымдарында жарық көрген мақалаларды оқырмандар назарына ұсынды. Ал авторлар құқығы күніне орай жасақталған үшінші бөлімде ағымдағы жылы аталып өтетін мерейгер ақын-жазушылардың кітаптары мен жаңартылып шыққан әдебиеттер мазмұнынан  мәліметтер берілсе, соның ішінде биылғы жылғы халықаралық «М.Әуезовты оқимыз» акциясы аясында М.Әуезовтың екі тілдегі шығармалары насихатталды.


                Адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін барша жұрттың жүрегіне тегіс жеткізе білу барлық кітапханашылардың тікелей міндеті деп ойлаймын.

     

    Просмотров: 686 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz