«Махамбет - лирик ақын»
мәнерлеп оқу кеші
28 ақпанда № 1 қалалық кітапханада ақын М.Өтемісұлының туғанына 210 жылдығына арналған «Махамбет - лирик ақын» атты мәнерлеп оқу кеші болып өтті. Махамбет өлеңдерін терең меңгеріп мәнерлеп айту, әдеби тұрғыдан нақышына келтіріп сөйлеуге баулу, ерлікке, батырлыққа баулу,патриоттық сезімін ояту мақсатында кешті кітапханашы Ф.Д.Гусманова жүргізіп қысқаша М.Өтемісұлының өмірбаяны мен шығармаларын таныстырды. Әділқазылар алқасы сайланып,мәнерлеп оқуға қатысушы оқушыларды таныстырып өтті. Олар: Темьярова Р., Рахимова Л.,Тілегенова Г., Рахимова А.,Кадимова Д.,Амирова А.
Кеш барысында тіл дамыту мақсатында Махамбет өлеңдерін мәнерлеп оқып, нақышына келтіріп, тіл дамыту, ой – өрістерін кеңіту мақсатында ерлік, батырлық, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтылды. Көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, папка жинақталып, дәйекті сөздер жазылған «Махамбет поэзиясы – намыс дабылы» атты кітап көрмесіне библиограф Ж.Қ.Құрманғалиева библиографиялық шолу жасады.
|