№2 қалалық
кітапхананың кітапханашысы: А.Қ.Атошева ұйымдастыруымен №3 ЖББОМ 10 «а» сынып
оқушыларымен бірігіп «Елбасы – тәуелсіздік кепілі» атты танымдық сағат оздырды. Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын
да қайталанбас көп қырлы. Бұл небір қиындықтар мен қатерлі тосқауылдарды жеңе
білген және қиын кезеңдердің өзінде табыстарға қабілет күші жеткен нағыз қажыр
қайрат иесі, талантты, адамның өмір жолы. Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрдайым халықпен
бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік басшысы - мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның
атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бары - біздің
болашағымыздың кепілі! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6- шілдеде
Алматы обылысы Қаскелең ауданының Шамалған аулында, Үшқоңыр жайлауында дүниеге
келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтеді. Үлкендердің мал бағуына, бау –
бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Үшқоңырда
шыр етіп көзін ашқан сәтінен бастап бозбала шағына дейінгі өмірде көргендерін
Елбасы өз кітаптарында нанымды тұрде баяндап берген. Елбасымыздың ұлы істерге
сергек кірісуіне себепкер – оның бос уақытында салауатты да сүйікті істермен
айналысуы. Жан дүниенің байлығына қоса дене сергектігіне көп көңіл бөлетін Ел
ағасы теннис, гольф ойнағанды, саяткерлікпен айналысқанды ұнатады. Шымбұлақтың
таза ауасы да жанына шипадай тиеді. Сонымен қатар қазақтың домбырасын
дыңылдатып, әуезді әндерді де сүйіп тыңдайды. Елбасымыз еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін, азаматтық парызын тек ісімен ғана емес, ән, жыр жолдарымен де
білдіргенін біле аласыздар. Президентіміздің өмірбаяны мен басынан кешіп жүрген
оқиғаларын, оның күнделікті істеген ісін қамту мүмкін емес. Ғасырлар тоғысуында
ел басқарып, момын да қарапайым елін дүнежүзіне танытқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
«Ғасыр адамы» деп айтуға тұрарлық. 
|