Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Март 2014  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    10.07.2025, 05:45
    Главная » 2014 » Март » 27 » №2 қалалық кітапханасы Қазақ даласының орфейі
    15:02
    №2 қалалық кітапханасы Қазақ даласының орфейі

       Қазақтың күміс көмей, жез таңдай асқақ әншісі, төкпе термешісі, Ғарифолла Құрманғалиевтің-105 жыл туғанына орай, №2 қалалық кітапхананың меңгерушісі М.А.Джусубалиеваның ұйымдастыруымен №3 ЖББОМ 8 «б» сынып оқушыларына «Қазақ даласының орфеиі» атты әдеби музыкалық кеш оздырылды.

          Шара барысында, жүргізуші Ғарифолла Құрманғалиевтың өмірін баяндап, шығармашылығына тоқталды. Жерлесіміз, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Ақкөл деген жерде 1 қаңтар 1909 жылы дүниеге келді. Жастайынан ән –жырға әуес болған. Әкесі Құрманғали Ғарифолла төрт жасқа келгенде, ал анасы он жасқа толар – толмас шағында қайтыс болады. Ғарифолла әкесімен бірге туған Ғұбайдолла, Хамидолла деген ағаларының қолында болды. Он жасынан бастап домбыра тартуды үйренді.                        Ғ.Құрманғалиев Мұхиттың туғандары Шынтас пен Шайқыға және ағасы Құмарға жолығып ән үйренеді.

           1928 жылы ауылдық кеңестің хатшысы, бригадир, колхоз басқармасының төрағасы болып қызмет атқарады.

      1934  жылы Жымпитыда, кейін Орал қаласында өткен халық өнерпаздарының слетіне қатынасып, жүлделі орындарды жеңіп алып, сол уақыттағы астанамыз Алматыға барады. Бүкіл халықтық Республикалық слетіне қатысып жүлделі орын жеңімпазы атанып, қазылар алқасының шешімімен Абай атындағы балет және музыка театрына  әнші және әртіс болып қалдырылады. Оған 1939 жылы Республикаға еңбегі сіңген әртісі,1954 жылы халық әртісі атағы берілді, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Ғ.Құрманғалиев әншілігімен қатар операларды бірнеше рольдерді шебер сомдаған актер, өз жанынан ән шығарған сазгер.

         Әдеби сазды кеш  қонағы, мектептен тыс жұмыс орталығының «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі: Г.Ө.Көшербаева, Ғарифолла  Құрманғалиевтің «Әнші дауысы» әнін орындады. Шара  барысында, оқушыларға «Бір туар саңлақ» атты кітап көрмесі назарына ұсынылып,  библиографиялық шолу өткізілді.

    Просмотров: 1465 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz