Үмітін елдің
арқалап, арманнан туған рәміздер
31 мамыр 2013 жылы №2 қалалық кітапханада 11 «б» сынып
оқушыларына Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік
рәміздер ел мәртебесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Көрме барысында №2 қалалық кітапхананың меңгерушісі М.А. Жусубалиева
мемлекеттік рәміздер туралы «Мемлекеттік рәміздер ел мәртебесі»
атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Мемлекеттік рәмізіміз – ол біздің бабаларымыз қалыптастырған дәстүр. Әр
кезеңде, әр қоғамда елдің, сол елді басқарып отырған адамдардың нышаны болған. Мемлекеттік Гимін, Ту және Елтаңба – бұл елдің айбары, ары, намысы және
елді біріктіретін рух. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші
әрі мемлекетіміздің өткені, бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың
жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт – санасын, қаһармандығы мен
даналығын болашаққа үмітін, арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Біздің бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық
рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың
қанатты тұлпардай ұшқырылығын айғақтап келеді. 1992 жылғы 4 маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік
рәміздері бекітілді. Бұл күні мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде қалды. Біз, Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары бұл күндері бүкіл еліміз болып
біздің сүйікті Гимнімізді шырқаймыз. Туымыз бен елтаңбамызды мақтан етеміз.
Ендігі тілек, бәріміздің жүрегіміз «Отан» деп соғып, Тәуелсіздік туы
желбірей берсін! «Менің Қазақстаным» атты ұлы Гимін әрбір қазақстандықты бірлік
пен татулыққа үндей берсін! Тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз бостандықтың, жарқын
өмірдің символы бола бергей.
|