15 ақпан Ауған ардагерлері күніне орай Орталық балалар кітапханасы филиалында №1 ЖББМ 4 "В" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі С.Д. Иманғалиеваның қатысуымен "А память сердце бережёт " атты еске алу кеші өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Губская Г.В. шараны «Афганистан - незаживающая рана» атты жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасаумен бастады. Кітап көрмесіне Ауған соғысына арналған кітаптар мен басылымдар қойылды.
Оқушылар назарына көруге ұсынылған «Война в Афганистане» атты слайдта 1979-1989 жылдар аралығында өткен соғысқа Совет үкіметінің жас жауынгерлері қатысып, олардың көбі ауыр жарақаттар алғып, кейбірі үйлеріне оралмағандары туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар оқырмандар аталмыш слайдтан Бөрлі ауданынан Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз А.Гусманов, Д.Хамитов, Л.Куриленко, С.Алексеевтердің есімдерін біліп, бұл батыр жауынгерлердің Отан алдындағы интернационалдық борыштары адал атқарылғандықтарын естеріне сақтады.
Еске алу кешіне келген 4 «В» сынып оқушылар арасында Валерий Алексеев те болды. Ол Ауған соғысына қатысып, оралмаған жауынгер ағасы Сергей Алексеевтің ерлігі туралы әкесінен естіген әңгімелерін сыныптастарына мақтанышпен баяндап берді. Шара соңында оқушылар: Петренко Р., Чунин В., Маврешко В. Ауған жауынгерлеріне арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді.
|