Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Сентябрь 2014  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    15.07.2025, 13:15
    Главная » 2014 » Сентябрь » 24 » «Ақ шағала ақын» аудандық жас ақындар мүшәйрасы
    13:02
    «Ақ шағала ақын» аудандық жас ақындар мүшәйрасы

             Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан, сырлы да, сұлу жырдың иесі, Жайықтың ақын қызы – Ақұштап Бақтыгереева бүгінде мерейлі 70 жасқа толып отыр. Ақұштап – «Ақ жібек» ұғымын беретін өте сирек кездесетін есім, ерте кезде аппақ әрі берік жібекті ұштап деп атаған. Жүрек қылын шертетін сезімнің сиқырлы нотасын дөп басып, жан сөзін жарқын сөйлете алатын ақын өлеңдері атына сай өршіл рухта жібектей өріліп тұр. Шырайын шашқан шуақты күздің күнінде аудандық кітапханада  ақынның мерейтойына орай, «Ақ шағала ақын» атты аудандық жас ақындардың мүшәйрасы өтті. Ақұштап Бақтыгерееваның шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, ақын өлеңдері арқылы туған өлкеміздің ой-қырын, тал-терегін, нуы мен суын, малы мен жанын сүюге тәрбиелеу, жастарымызға киелі құндылықтарымызды дәріптеп, оны сүйіп, құрметтеуге баулуды мақсат тұтқан жыр бәйгесіне ауданымыздың Пугачев, Қызылтал, қалалық №1,3,5 орта мектептерінен бақтарын сынап жүрген жас ақындар қатысты.

                Жүректерінен жыр тербеген жас ақындар бұл мүшәйраға өзгеше шабытпен, өрнекті ұйқаспен жер тарпыған тұлпардай жарап келгендері аңғарылды. №1 орта мектептің 11 сынып оқушысы Темьярова Разия «Шағала жырың Жайықта биік қалықтап..» деп жырласа, Қызылтал орта мектебінің оқушысы Умарова Жұлдыз «Өзімді таптым өлеңдерінің бағынан..» деп, ақынның жыр әлемінен сыр шертті. Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы үміткерлердің ақындық қабілетіне, өлең оқу мәнеріне, тақырыптың мазмұны мен айтылған ойдың тереңдігіне баса назар аударып, өзіндік бағаларын берді. Мүшәйра қорытындысы бойынша бас жүлдеге Қызылтал ауылының жас ақын қызы Умарова Жұлдыз ие болса, Темьярова Разия (№1 ОМ) 1 дәрежелі дипломға, Серік Ақниет (Қызылтал ауылы) 2 дәрежелі дипломға, Темьярова Айнагүл (Бөрлі ОКЖ-сі) мен Тимурхан Темірлан (№3 ОМ) 3 дәрежелі дипломдарға ие болса, Жантұрғанова Жәнел, Бисенғалиева Ақнұр, Қожахметова Айсұлу, Ізтілеуова  Гүлерке алғыс хаттармен марапатталды.

    Просмотров: 629 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz