Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2016» облыстық байқауына Бөрлі ауданынан Бимағамбетовтар отбасы қатысып, жүлделі II орынды иеленді.
Байқау шарты бойынша 3 кезеңде сынға түскен отбасылар бірінші кезеңде өздерінің таныстыруларын электронды слайд түрінде ұсынса, екінші кезеңде қазақ ертегісінен үзінді, немесе өздері ойдан құрастырған ертегіден көрініс дайындап, соңғы үшінші кезеңде отбасы мүшелерінің сүйіп оқитын кітаптарынан немесе үй кітапханасынан көркем безендірілген кітап көрмесін ұйымдастырды.
|