Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Июнь 2014  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    18.07.2025, 08:55
    Главная » 2014 » Июнь » 02 » «Қадыр оқулары» аудандық байқауы
    14:03
    «Қадыр оқулары» аудандық байқауы

           Туған жерінің ұлы өзені Ақжайықты жырлау арқылы елді сүюге, жерді сүюге тәрбиелеп, бүкіл қазақ еліне, қазақ жеріне деген адал махаббатын, асыл сезімін жыр жолдарымен кестелеп, елінің, халқының алдында қазақтың Ұлы  ақыны деген құрметті атқа ие болған - КСР Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Қадыр Мырза Әлидің  шығармашылығын насихаттауға арналған «Қадыр оқулары» аудандық байқауы Орталық аудандық кітапхананың оқу залында өткізілді.    

            Қадыр Мырза Әлидің шығармашылық асыл қабілеті  мен ақындық асыл қасиетіне құрмет көрсете отырып, байқауға қатысқан мына үміткерлер болды:

    №1-қатысушы Жанатқызы Ақбота              / Бөрлі ауылы

    №2-қатысушы Демесинова Фарида              / Березовка ауылы

    №3-қатысушы  Қарасаев Өтепберген           / Пугачев ауылы

    №4-қатысушы Журтаева Құндыз                 / Қызылтал ауылы

    №5-қатысушы Барасова Оксана                   / Александров ауылы

    №6-қатысушы Темьярова Айнагул               / Ақсай қаласы

    №7-қатысушы Бибіжан Сенатқызы               / Облавка ауылы

                      Байқауға төрешілік ететін  әділқазылар алқасында:

    1. Бөрлі Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Д.К.Нурашова –төрайымы

    2.    Кітапхана ісінің ардагері – М.Н.Алтаева

    3. Орталық аудандық кітапхана меңгерушісі – М.У.Сарсенғалиева болды.

        Бірінші кезеңнің шарты: мәнерлеп оқуға таңдап алынған өлеңдерді оқу арқылы, қатысушылардың дауыс ырғағы, мәнерлеп оқу шеберлігі сарапқа салынды. Қатысушы ұсынылған 20 өлеңнің біреуін билет таңдау арқылы, түскен шығарманы жатқа айтып, ақын шығармаларын қаншалықты меңгергендігін көрсетеді.

          Екінші кезеңнің шарты қатысушылардың  ақын туындыларындағы отансүйгіштік, имандылық, инабаттылық, адамгершілік және балаларға арналған шығармалары ұлағатының әсерінен туындаған өздерінің туындыларын оқу болды. Сонымен бірге үшінші кезеңі: ақын шығармашылығы жайлы көңілде жүрген толғаныстарын, көңілге түйген ойларын білдіріп «Жүректе жарқын бейнеңіз» атты тақырыпта 1 немесе 1,5 беттік эссе жазу керек болатын. Үміткерлеріміз берілген талаптарды орындап, байқау өз деңгейінде  жақсы өтті.

             Байқаудың соңында қорытындылау сөзі Бөрлі Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұрашова Дариға Кеңесбайқызына  беріліп, үміткрлерге номинациялар мен дипломдар және сыйлықтар табыстады.

    Просмотров: 1133 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz