Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Февраль 2015  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    28.07.2025, 18:58
    Главная » 2015 » Февраль » 12 » «Қадыр оқулары» аудандық байқауы
    07:48
    «Қадыр оқулары» аудандық байқауы

              Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына  бөленген қазақтың Ұлы ақыны деген құрметті атқа ие болған Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Қадыр Мырза Әлидің туғанына 80-жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қадыр оқулары» аудандық байқауы Орталық балалар кітапханасының филиалында оздырылды.

                                

           Байқауды өткізу мақсатымыз: Ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармаларын мәнерлеп оқу арқылы жастарды өз отанын, елін, ұлтын, ана тілін сүюге тәрбиелеу, ақын өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеу, ауданымыздағы бойына ақындықтың киелі өнері дамыған жастарға қолдау көрсету болды. Байқау арнайы  Қадыр Мырза Әлидің туғанына 80 жыл толуына орай құрастырылған «Сіңірген бойға таң нұрын, нәр берер елге тамырмын» атты мультимедиялық құрал слайд арқылы ашылды.

          Байқау  бірнеше айналымнан тұрды. «Жырдан алтын сарай тұрғызған» атты айналымында  мәнерлеп оқуға таңдап алынған өлеңдерді оқу арқылы, қатысушылардың дауыс ырғағы, мәнерлеп оқу шеберлігі сарапқа салынады. Үміткерлеріміз ұсынылған 12 өлеңнің біреуін билет суыру арқылы,  түскен шығарманы мәнерлеп жатқа айтып берді. Сол сияқты «Ақын жайлы толғасақ»  атты айналымында үміткерлеріміз Қадыр Мырза Әлидің елді елең еткізген, тәрбиелік мәні зор нақыл сөздерін жатқа айтты.

    Қадыр жырлары  өзімізге етене таныс жырлар. Ақын поэзиясының өзекті арнасы өз басымыздан кешкен, өзімізді толғантқан, өзімізді қуантқан не күйіндірген тарих. Ақынды өзгелерден дара шың қылып көрсететін, ақын дарынына ерекше  нәр беретін қасиет – өлеңдеріндегі шын өмір мен шынайы сезім. Олай болса байқауымыздың  үшінші айналымы: «Өлеңі - өмір термесі»   аталымында Қадыр Мырза Әлидің  бірнеше өлеңдерінің  ішінен 2 өлеңінің тақырыбын айту арқылы жалғасты.

        Байқауды әділқазылар қорытындылап, өздерінің қатысушыларға деген тілектерін білдіріп құттықтады. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Қызылтал ауылынан келген 9-сынып оқушысы Мақсотова Ақтолқын, «Жүректе жарқын бейнеңіз...» номинациясы бойынша № 6 мектептің  8 - сынып оқушысы Аманова Биназир, «Мені оқитын, мені ұғатын халық бар» номинациясы  бойынша  9-сынып оқушысы Ергалиева Асемгүл сонымен бірге  бас жүлдені Қызылтал ауылы 9-сынып оқушысы Серік Ақниет ие болды. Барлық үміткерлерге алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

           Байқаудың соңында ақынның сөзіне жазылған  «Асыл әжем» әнін Киров ауылынан келген үміткеріміз Нұржауған Тыныштық  нақышына келтіріп орындап берді. Бұл күні өлеңдері мен әндері арқылы қазақ дала¬сын шарлап, әр қазақтың жүрегінде сақталатын  Қадыр ағамызға, оның  өлмес  мұрасына құрмет көрсетілді. Ән сөзіне айналған  ақын рухы  жастарымызға  жігер, қарттарымызға қайрат бере берсін.

    Просмотров: 604 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz