
15 ақпан күні орталық балалар кітапханасының филиалында №1 мектеп балабақша кешенінің 4 «б» сынып оқушыларымен «Афганистан – боль в моей судьбе» атты ерлік сағаты өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Г.Губская оқушыларға ауған соғысы туралы мәлімет беріп, соның ішінен біздің жерлесіміз С.П. Алексеевке назар аударды. «Ауғанстан» атты слайд көрсетіп, қосымша тың мәліметтер берді.
«Афганистан незаживающая рана» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. №1 мектеп балабақша кешенінің кітапхана меңгерушісі ТА.Черевичная оқушыларға біздің жерлесіміз, ауған соғысының батыры С.П. Алексеевтің мектеп жанынан ашылған мұражайы туралы айтып өтті. Шараны кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі С.Тасымғалиева қорытындылап, оқушылар мен кітапханашыларға алғысын білдірді.
 
|