11 желтоқсан күні – Аудандық кітапхананың оқу залында Мүмкіндігі шектеулі оқырмандармен жұмыс секторымен бірлесе «Айбыны асқақ тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты ауызша журнал өтті.
Ауызша журналға №2 ЖББОМ пионер-важатыйы А.А.Сарсеновамен 7в сынып оқушылары келіп қатысты. Кітапханашы В.С.Иманова тәуелсіздік алғанымызға дейінгі тарихымызға шолу жасап, тәуелсіздік жолында құрбан болған батырларымыздың аттарын атап, құрмет білдіріп, әр жылдардағы еліміздің жетістіктеріне тоқталып ақпарат берді. №1,2,6 ЖББОМ оқушылары У.Борисенко, Б.Аманова, М.Мурзабекова, О.Дильман, Ж.Казиев, А.Устич, А.Кушкиева, А.Жансалиевалар тәуелсіздік туралы ақындарымыздың өлеңдерін жатқа оқыды. Мәденеит үйінің әншісі Е.Зиннединов «Қазақстаным», «Отанға ода» әндерін шырқады.
Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстану секторының кітапханашысы А.Н.Наурызбекова кітап көрмесіне шолу жасады. Қатысқандар жасөспірімдер – 17.
|