
30.09.16 ж. № 1 қалалық кітапханасында кітапхана жанынан құрылған «Жүздесу» қызығушыларклубының мүшелерімен «Қайыңдай қайсар қарттарым» атты кездесу кеші өтті. Кітапхана меңгерушісі қазан айындағы қайырымдылық айлығы туралы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялағанын тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастағанын айта отырып, ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар мен ақ жаулықты аналарды қазан айының алғашқы мерекесі қарттар мерекесімен құттықтады. «Жүздесу» клубының мүшесі қадірлі қария Нұржанов Даулетбек аға барша ата-әжелеріміздің атынан алғысын айтып, шын жүректен өзінің ақ батасын берді. Ақ жаулықты аналар Н.Мусакаева, Г.Қалияқпаровалар өздерінің өмірдегі жақсы ой - танымдарын ортаға салып, кітапханашыларға алғысын білдірді. Қарияларға арнап жайылған ақ дастархан басында «Асыл әжем», «Әкем - анам» т. б. әндер шырқалды.
|