26-шы қазан күні Бөрлі аудандық кітапхана оқу залында Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық айлығына байланысты «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты шара өтті. Шара барысында кітапханашы А.Н.Нығыметова келген оқырмандарды қайырымдылық айлығымен құттықтап, кезекті мәдениет демалу орталығының әншісі Ержан Зинеддиновтың тамаша әндерін тарту етті.
Сонымен қатар «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» атты видеоролик тамашаланды. Шара барысында оқырман әрі қонағымыз Даулетяров Жолдығали оқырмандарды мейрамдарымен құттықтап, өзінің өмір тәжірибесін өзгелерге өнеге ретінде жеткізе білді. Сөз алған оқырман ақын Рая Мукашева өзінің өлең шумақтарын тарту етсе, ал Шайшева Жаңыл мен Асмамбетов Амангелді тамаша өлеңдерімен шараны одан әрмен қыздыра түсті.
Шара соңында қайырымдылық айлығына Жанар Шамуратова мүмкіндігі шектеулі жандарға жеміс –жидектермен демеушілік жасады.
Кешке қатысқан оқырмандар осы шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

|