Орталық аудандық кітапхана
«Алғыс жүректен шығады» шарасы
2 наурызда Алғыс айту күніне орай Орталық аудандық кітапхана мен Бөрлі аудандық достық үйінің бірлескен «Алғыс жүректен шығады» атты шарасы оздырылды. Шараға «Тонг-иль» корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юн Виталий Константинович, «Хуторок» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Симиненко Николай Петрович, Вовк Алла Васильевна, Ақсай техникалық колледжі мен Батыс Қазақстан экономикалық инженерлік колледжінің студенттері қатысты.

Шараға қатысушы қонақтар өз ойларын айтып, алғыстарын білдірді. Әр ұлт өкілдерінің алғыстары айтылған видеоролик көрсетілді. Оқырмандар назарына «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты кітап көрмесіне кітапханашы Н.К.Джусупова библиографиялық шолу жасады.

|