21.09.16 ж. № 1 қалалық кітапханасында 22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай №1 МБК 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ана тілің – ар ұятың» атты мерекелік шара өткізілді. «Мемлекеттік тіл- Менің тілім!» атты бейнеслайды арқылы тіл туралы әңгімелеп, М.Шахановтың өлеңдеріне құрылған «Рух пен тіл» атты бейнебаяны көрсетілді. Шара барысында Бисенова К. М.Әлімбайдың «Ана», Исеньязова А. М.Шахановтың «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Муратова Ә.
О. Асқардың «Үйрен ана тіліңді» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ш.Смаханұлының сөзіне жазылған, Ә.Тінәлиевтің «Ананың тілі» әнін оқушылар қосыла шырқады.
Абайдың «Сегізаяқ» әнін А.Жорабаеваның орындауында тыңдалды. «Тіл – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесіне А.Қарақұлова библиографиялық шолу жасап,тіл туралы әдебиеттерді таныстырды.
|