Аралтал ауылдық кітапханашысы Ж.М.Нургушбаева және Ақсай бастауыш мектебінің меңгерушісі А.Е.Джиеналиеваның ұйымдастыруымен «Президент жолдауы-халықтың қолдауы» атты үнқосу болып өтті.
Шараға ауылымыздың мектеп, дәрігерлік бөлімше, кітапхана ұжымы шақырылды. Қатысушылар Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы жайында пікір алмасты . Қатысушыларға Жолдау екі тілде оқылып, таныстырылды. Аралтал ауылдық кітапханашысы Ж.М.Нургушбаева және Ақсай бастауыш мектебінің меңгеруші-сі А.Е.Джиеналиева, дәрігерлік бөлімше фельдшері В.М.Асмамбетовалар елбасымыз Жолдауында айрықша мән берген мемлекетті алға жылжытатын тетіктер-білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл салаларын дамыту мәселелері туралы тапсырмалар жөнінде өз пікірлерін білдіріп, бірауыздан қолдайтындарын айтты.

|