10 қазан 2016 жылы Аралтал ауылдық кітапханасында қайырымдылық айлығы қарсаңында ересек және балалар топ оқырмандары арасында «Қарттарым-асыл қазынам» атты кездесу сағаты өткізілді. Қатысушылар саны:25
Кездесудің мақсаты: жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімді-лікке тәрбиелеу.
Ең алдымен мектеп меңгерушісі А.Жиеналиева арнайы құттықтау сөз сөйледі. Кездесуге оқушылар шағын концерт қойып, сыйлықтар тарту етті. Әжелер балаларға өз ризашылықтарын білдіріп, туған өлке тарихы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы әңгімелерін айтты. Кітапханашы Ж.М.Нургуш-баева қарияларға арнап М.Мақатаевтың «Мен қарапайым қарттарды сүйем» өлеңін оқыды. Кездесу соңында сый-сияпаттар жасалып, балалар қариялар-дың ақ баталарын алды.
|