Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Февраль 2015  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    08.07.2025, 22:17
    Главная » 2015 » Февраль » 04 » «Асыл сөздің алдаспаны» Қадыр Мырза Әлиді еске алу акциясы
    08:52
    «Асыл сөздің алдаспаны» Қадыр Мырза Әлиді еске алу акциясы

        2015 жылдың 5 қаңтарында Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларында ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық Жазушысы Қадыр Мырза Әлиді еске алу акциясы бір мезгілде, сағат 11.00-де өткізілді.

    Аудандық Орталық кітапхана

    «Асыл сөздің алдаспаны» атты Қадыр Мырза Әлиді еске алу акциясы

        Бүгін 5 қаңтар 1935 жылы  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, Халықаралық және «Тарлан» сыйлықтарының, «Парасат» орденінің иегері, қазақтың халық  ақыны Қадыр Мырза Әли дүниеге келді. Арамызда тірі жүргенде 80 жасқа толар еді.

      2015 жылдың 5 қаңтарда Аудандық Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен БҚИЭК колледжінде қазақтың халық ақыны Қадыр Мырза Әлиді еске алу акциясы өтті. Бұл шараны кітапханашы Ф.Карабаева ақынның өмірбаянынан бастап, туған жері, еңбек жолын баяндай келе, «Ел» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ақынға арнап слайд жасалып, студенттерге көрсетілді.

       

       Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Н.Джусупова ақын Қадыр Мырза Әлидің өмірбаянын, балалық шағын, ең алғаш өлең жолдарын қалай, қашан шығарғанына тоқталып, орыс тілінде жеткізді. Шараға мәдениет үйінің қызметкері Жылқыбаев Қамбар  ақынның сөзіне жазылған «Қазақ осы...» деген әнін домбырамен шырқады. Кітапханашы Б.Бергалиева «Қазақ өлеңінің Қадыры» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі С.Хамзиевна өзінің жүректен шараны қорытындылап, ақын шығарамшылығы мен акция хақында айтты. Шара соңында БҚИЭК -нің кітапханашысы Г.Тайкешова өзінің кітапханшыларға деген алғысын білдірді. 

     №1 қалалық кітапханасы мен ОБКф ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі – 80 жыл «Асыл сөздің алдаспаны» еске алу акциясы «Асыл сөздің абызы» еске алу кеші

         2015 жылдың 5 қаңтарда сағат 11-00-де Орталық балалар кітапханасының филиалы мен №1 қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі – 80 жылдығына орай «Асыл сөздің алдаспаны» еске алу акциясы бойынша  – «Асыл сөздің абызы» атты еске алу кеші өтті. Мақсаты: Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу, поэзияны сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.

     

    Шараны ОБКф-ның меңгерушісі Г.В.Губская орыс тілінде, №1 қалалық кітапхана меңгерушісі А.Ж.Қарағұлова қазақ тілінде жүргізді. Кітапханашы С.Ш.Аленова Қазақстанның халық жазушысы, балалардың сүйікті ақыны Қадыр Мырза Әлі туралы «Асыл сөздің алдаспаны» атты слайдты көрсету арқылы  ақынның өмірбаяны мен шығармаларын таныстырып өтті.

     «Қазақ өлеңінің Қадыры» атты кітап көрмесіне А.Ж.Қарағұлова библиографиялық шолу жасап, ақынның шығармаларымен, жергілікті ақындардың Қадыр Мырза Әліге арнаған өлеңдерін айтып өтті. Библиографиялық шолу соңында оқушыларға балалар ақынының алған марапаттары мен атқарған қызметтері туралы қойылған сұрақтарға оқушылар жауап берді.

        №1 мектеп – балабақша кешенінің оқушылары Н.Алуланов, А.Мақсот, Н.Алуланов, А.Мақсот, А.Чурин, А.Алулановалар Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Кітапхана ісін дамыту бөлімінің әдіскері Ф.Гусманова оқушыларға шара барысында қандай әсер алғанын, жерлесіміз Қадыр  ақынның өлеңдерінің оқуға жеңіл, көңілге қонымды екенін айта келіп, шараға қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.

        «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...», - деп туған жеріне деген ыстық ықыласы мен махаббатын жыр жолдарымен білдірген Қадыр Мырза Әлі біздің қадірлі жерлесіміз. Қазақтың атақты классик ақыны, поэзия Пайғамбары, халық жазушысы. Қадыр мырза Әлі ақындық жағынан да, азаматтық жағынан да ел тарихында биіктен көрінген, халқының сый құрметіне бөленген қайраткер. 

    №2 қалалық кітапхана

    «Қазақ жырының Қадыры» еске алу кеші

         Көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, біздің жерлесіміз Қадыр Мырза Әлиді еске алу акциясы аясында №2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен  5 қаңтар күні  «Қазақ жырының Қадыры» мультмедиялық еске алу кеші  оздырылды.

         

        №2 қалалық кітапханасының меңгерушісі М.А.Джусубалиева Қадыр Мырза Әлидің - 80 жасқа толуына арналған еске алу кешін алғысөзімен ашты. №2 қалалық кітапхананың кітапханашысы А.И.Хайруллина шараны жалғастырып, ақынның туындылырын оқырман назарына ұсынып, таныстырды. Іс-шара барысында сөзді  жергілікті ақын Д.Қ.Құсаинова алып, жерлесі Қадыр Мырза Әлінің  кездесу кешіне қатысқан сәттерін есіне алды. Ақынға арналған «Жырдың ордасы», «Арман боп жүр» өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, №7 балабақша тәрбиешісі Г.Ғ Хамидуллина ақынның «Қазақ пен қонақ» өлеңін орындады. Бөрлі ОКЖ-нің жасөспірімдермен жұмыс әдіскері А.Б.Темьярова «Қадыр ата» өлеңін орындады. Шара соңында «Асыл сөздің мергені» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу өткізілді. «Қазақ жырының Қадыры» атты еске алу кешін Бөрлі ОКЖ-нің директоры Д.К.Нұрашова  қорытындылады.

          Қазақтың маңдайына біткен дана ақын, Қадыр ақын дүниеден өткенімен, оның артында бай және мол мұрасы қалды. Ұлы далаға нәр беріп, сұлудың бұрымындай бұралып мәңгі ағып жатқан Ақжайық сияқты халқының рухани байлығына айналған жыр тарланбозы Қадыр ақынның туындылары еліне, болашақ ұрпаққа және жалпы өнерсүйер қауымды мәңгі қуанта беретініне сенеміз!

    Аралтал ауылдық кітапханасы

     «Қазақтың абыз ақыны» атты дауыстап оқу

        Аралтал ауылдық кітапханасында 2015 жылдың 5 қаңтар күні  ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған «Асыл сөздің алдаспаны» акциясы аясында балалар тобы оқырмандарымен «Қазақтың абыз ақыны» атты дауыстап оқу өткізілді. Қатынасқандар саны:10 

                                 

           Мақсаты: ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлиді еске алу, өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Ақын–жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, ұлы адамдардың  көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

        Аралтал ауылдық кітапханашысы Ж.М.Нургушбаева «Халық даналығының білгірі» атты баяндама оқып, ақын Қадыр Мырза Әлі туралы балаларға мол мәлімет берді. кітапханашы балалармен «Өнегелі өмірбаян» атты слайд тамашалап, ақынның  өмір жолдарымен, қалам тербеген тақырыбы, өлеңдері мен қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындырды.

           Оқырмандар Саягүл «Ұшатын үш атым», «Менің әжем», Аружан «Қыс», «Аяз», Мөлдір «Жапалақ қар», Зарина «Жаңа жыл», Айкөркем «Баспалдақ», «Досым екеуміз» атты ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, Мөлдір, Аружан, Арнат «Апам үшін» әнін шырқады. Ұлы ақынның  өмірі мен шығармашылығынан  сұрақ-жауап қойылып, белсене қатысқан балаларға сыйлықтар берілді. Шараны кітапханашы Ж.М.Нургушбаева қорытындылап, «Жүректе жарқын бейнеңіз» атты кітап көрмесіне шолу жасады.  

     

     

     

    Просмотров: 1264 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 1.0/1
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz